Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_01
5
Осы құжат туралы
Осы құжат туралы
Таңбалар
Бұл құжатта келесі таңбалар пайдаланылады. Оларды қажет
ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз.
D
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді, осы өнімді
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
Кеңес
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге
пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы құжаттың өзге бөлімдеріне жасалған
сілтемелерді белгілейді.
Шартты белгілер
Бұл фотокамера SD, SDHC, SDXC, microSD, microSDHC және
microSDXC жад карталарын пайдаланады. Барлық түрлерге
жататын жад карталары осы құжатта «жад карталары» деп аталады.
Түрлерді ажырату қажет болған жағдайда «SD жад картасы» және
«microSD жад картасы» терминдері пайдаланылуы мүмкін.
Осы құжатта зарядтау құрылғылары «зарядтау құрылғылары»
немесе «зарядтағыштар» деп аталады.
Осы құжатта, суретке түсіру кезінде фотокамера мониторындағы
және көріністапқыштағы дисплей «түсіру режимінің дисплейі»
деп аталады. Жағдайлардың көпшілігінде иллюстрациялар
мониторды көрсетеді.
Осы құжатта смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар»
деп аталады.
Бұл құжатта «FX-пішімі» және «FX» сөздері 35 мм пішімді
(«толық кадр») фотокамеранікіне баламалы көрініс бұрышын,
ал «DX-пішімі» және «DX» сөздері APS-C фотокамерасынікіне
баламалы көрініс бұрышын білдіру үшін пайдаланылады.
Осы құжатта «әдепкі параметрлер» термині жөнелту кезінде
қолданылған параметрлерді білдіру үшін пайдаланылады. Бұл
құжаттағы түсіндірмелерде әдепкі параметрлер пайдаланылған
деп есептеледі.