Operating Instructions

Table Of Contents
Басқа
14
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
Жұптасатын құрылғы туралы барлық ақпаратты және т.б. жою қажет болған жағдайда, құралды зауыттық
параметрлеріне келтіруге болады (сатып алу кезіндегі бастапқы параметрлер). Құралды қалпына
келтірмес бұрын, батареяны зарядтаңыз.
1 Құрал өшіп тұрғанда, жарық диоды көк және қызыл түспен кезек-кезек
жыпылықтай бастағанша, [ ] түймесін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
2 Жарық диоды көк және қызыл түспен кезек-кезек жыпылықтап тұрғанда, [+] және
[–] түймелерін бір уақытта кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Әдепкі параметрлер жарық диоды (көк түс) жыпылықтап, құрал өшкеннен кейін қалпына келеді.
Назар аударыңыз
Құрылғыны қайта жұптастыру кезінде, Bluetooth
®
құрылғысының мәзірінен тіркеу ақпаратын (Құрылғы:
“RP-HTX20B”) жойып, осы құралды Bluetooth
®
құрылғысымен қайта тіркеңіз. (l 9)
Авторлық құқық және т.б.
Bluetooth
®
мәтіндік белгісі мен логотиптері Bluetooth SIG, Inc. компаниясының иелігіндегі тіркелген
сауда белгілері болып табылады және Panasonic Corporation мұндай белгілерді лицензия бойынша
пайдаланады.
Басқа сауда белгілері мен атаулары олардың тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
Siri – Apple Inc. компаниясының АҚШ және басқа елдерде тіркелген сауда белгісі.
Осы құжатта кездесетін басқа жүйе атаулары мен өнім атаулары жалпы тіркелген сауда белгілері
немесе тиісті дайындаушы компаниялардың сауда белгілері болып табылады.
TM
белгісі мен
®
белгісі бұл құжатта кездеспейтінін ескеріңіз.