Operating Instructions

Table Of Contents
3
Bluetooth
®
туралы
Пайдаланылған жиілік ауқымы
Бұл құрал 2,4 ГГц жиілік ауқымын пайдаланады.
Осы құралдың сертификаты
Бұл құрал жиілік шектеулеріне сәйкес келеді және жиілік заңдарына негізделген сертификаты бар.
Сондықтан, сымсыз байланысқа рұқсат алудың қажеті жоқ.
Төмендегі әрекеттер кейбір елдерде заңмен қудаланады:
Құралды бөлшектеу/өзгерту.
Техникалық сипаттама көрсеткіштерін жою.
Пайдалану шектеулері
Деректерді сымсыз тасымалдау және/немесе Bluetooth
®
функциясы бар құрылғылардың барлығын
пайдалануға кепілдік берілмейді.
Барлық құрылғылар Bluetooth SIG, Inc. компаниясының тарапынан белгіленген стандарттарға сәйкес
келуі тиіс.
Құрылғының техникалық сипаттамалары мен параметрлеріне байланысты, ол қосылмауы мүмкін
немесе кейбір операциялар басқаша болуы мүмкін.
Бұл құралда Bluetooth
®
қауіпсіздік мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіледі. Бірақ пайдалану ортасына және/
немесе параметрлерге байланысты, бұл қауіпсіздік жеткіліксіз болуы мүмкін. Деректерді бұл құралға
абайлап тасымалдаңыз.
Бұл құрал арқылы деректерді Bluetooth
®
құрылғысына тасымалдау мүмкін емес.
Пайдалану ауқымы
Құралды 10 м-лік максималды ауқымда пайдаланыңыз.
Қоршаған орта, бөгеттер немесе кедергілерге байланысты ауқым азаюы мүмкін.
Басқа құрылғылардан туындайтын кедергі
Құрал басқа Bluetooth
®
құрылғыларына немесе 2,4 ГГц ауқымды пайдаланатын құрылғыларға тым
жақын орналасқан жағдайда, радиотолқындардың кедергісіне байланысты құрылғының дұрыс жұмыс
істемеуі және шу мен дыбыстың үзіліп шығуы сияқты ақаулықтар туындауы мүмкін.
Жақын жердегі радиохабар тарату станциясында және т.б. туындайтын радиотолқындар тым күшті
болса, бұл құрал дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Мақсатты пайдалану
Бұл құрал қалыпты әрі жалпы пайдалануға ғана арналған.
Бұл жүйені радиожиілік кедергісіне сезімтал жабдықтың жанында немесе ортада пайдаланбаңыз
(мысалы: әуежайлар, ауруханалар, зертханалар, т.б.).
Panasonic компаниясы деректерді сымсыз тасымалдау кезінде бүлінген деректер және/немесе
ақпарат үшін жауапты емес.