Operating Instructions

Table Of Contents
Дайындау
7
Зарядтау
Қайта зарядталатын батарея (құралда орнатылған) бастапқыда зарядталмаған күйде болады. Құралды
пайдаланбас бұрын, батареяны зарядтаңыз.
1 USB қақпағын ашыңыз.
USB қақпағы ылғал болса, оны ашпас бұрын,
сүртіп алыңыз.
2 USB зарядтау сымы арқылы осы
құралды компьютерге қосыңыз.
Зарядтау кезінде жарық диоды қызыл түспен жанады. Зарядтау процесі аяқталғанда, жарық диоды сөнеді.
Бос батареяны толығымен зарядтау шамамен 2 сағат алады.
3 USB қақпағын мықтап жауып қойыңыз.
Назар аударыңыз
Зарядтау клеммасын су қолмен ұстамаңыз.
Егер зарядтау клеммасына тер немесе сұйықтық тиген болса,
ақаулық пайда болуы мүмкін.
Ескертпе
•10oC - 35 oC аралығындағы бөлме температурасында зарядтаңыз. Осы температура ауқымынан тыс болған
жағдайда, зарядтау процесі тоқтатылып, жарық диоды сөнуі мүмкін.
Зарядтау кезінде қуатты қосуға немесе Bluetooth
®
құрылғыларына қосылуға болмайды.
Берілген зарядтау сымынан басқа ешқандай USB зарядтау сымдарын пайдаланбаңыз. Бұл ақаулыққа әкелуі
мүмкін.
Егер компьютер күту режимінде немесе ұйқы режимінде болса немесе қосылса, зарядтау орындалмауы
мүмкін немесе тоқтауы мүмкін.
A: Жарық диоды
B: USB зарядтау сымы (берілген)
Клеммалардың бағытын тексеріп, оларды тік
ұстап штепсельге қосыңыз/ажыратыңыз. (Егер
клемма қисайтылған күйде немесе дұрыс емес
бағытта қосылса, оның майысып кету себебінен
ақаулық туындауы мүмкін.)
C: Компьютер
Компьютерді алдын ала қосыңыз.
C
B
A