Operating Instructions

Table Of Contents
Пайдалану
13
Пайдалы функциялар
Құралдағы түймені пайдаланып, Siri немесе басқа дауыстық функцияларды белсендіруге болады.
1 Bluetooth
®
құрылғысы мен құралды қосыңыз. (l 9, “Bluetooth
®
құрылғысын қосу”)
2 Ауыстыру үшін, құралдың [ ] түймесін екі рет жылдам басыңыз.
Bluetooth
®
құрылғысындағы дауыстық функция белсендіріледі.
Ескертпе
Дауыстық функция пәрмендері туралы мәліметтерді Bluetooth
®
құрылғысына арналған пайдалану
нұсқауларынан қараңыз.
Дауыстық функция смартфон сипаттамалары мен қолданба нұсқасына байланысты жұмыс істемеуі мүмкін.
Құралдың өшіру, Bluetooth
®
құрылғысын қосу немесе параметрді өзгерту сияқты жағдайларда дыбыстық
хабарландырумен қамтамасыз ететін функциясы бар.
Нұсқау беретін дыбыстық функцияны өшіру мүмкін емес.
Нұсқау беретін дыбыстық хабарлардың дыбыс деңгейін реттеу мүмкін емес.
Құрал өшірулі болған кезде, батарея зарядының деңгейін көрсететін ағылшын тіліндегі нұсқау хабар
естіледі.
Құралды пайдалану кезінде батарея зарядының деңгейі төмендей бастағанда, жарықдиодтың көк түсті
жыпылықтайтын тізбегіне қызыл түсті жыпылықтау қосылады және әр 3 минут сайын бір дыбыстық
сигнал арқылы ескертеді. Батарея қуаты таусылған кезде ағылшын тіліндегі нұсқау беретін хабар
естіліп, қуат өшеді.
Құрал Bluetooth
®
құрылғысына қосылмаса, оны пайдалануды тоқтатқаннан бастап шамамен 5 минуттан
кейін құрал ағылшын тіліндегі нұсқау беретін хабар естіліп, құрал автоматты түрде өшеді.
Барлық операцияларды қабылдамаған жағдайда, бұл құралды қалпына келтіруге болады. Құралды
қалпына келтіру үшін USB зарядтау сымы арқылы құралды компьютерге қосыңыз. (Жұптасатын құрылғы
туралы ақпарат жойылмайды.)
Құлаққапты құлақтан алып, мойынға таққанда, кіріктірілген
магниттердің көмегімен сол және оң жақ құлаққапты бір-біріне
бекітуге болады.
Дауысты функцияны белсендіру
Нұсқау беретін хабарлар
Батарея қуатының деңгейі туралы хабарландыру
Автоматты түрде өшіру
Құралды қалпына келтіру
Құлаққапты құлақтан алып, мойынға таққанда
RZ-NJ320B_GE_KK_PNQP1644ZA.book 13 ペー 2020年8月27日 木曜日 午後4時31分