Operating Instructions

Table Of Contents
Басқа
18
Осы құралды қоқысқа тастау кезінде батареяны алу
үшін
Қауіпті
Қайта зарядталатын батарея арнайы осы өнімге арналғандықтан, оны басқа құрылғы үшін
қолданбаңыз.
Алынған батареяны зарядтамаңыз.
Қыздырмаңыз немесе жалынға жақындатпаңыз.
Батарея(лар) ды есіктері мен терезелері жабық, күннің сәулесі тікелей түсіп тұрған көліктің ішіне
қалдырмаңыз.
Батареяны тырнақпен теспеңіз, соққыға ұшыратпаңыз не бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.
Сымдардың басқа металға немесе бір-біріне тиіп кетуіне жол бермеңіз.
Батареяны алқа, шаш қыстырғыш немесе осы сияқты заттармен бірге ұстамаңыз немесе сақтамаңыз.
Бұл батареяның қызуына, тұтануына немесе жарылуына себеп болуы мүмкін.
Ескерту
Алынған батареяны және басқа заттарды балалардың қолы жететін жерге қоймаңыз.
Мұндай затты кездейсоқ жұтып қою ағзаға кері әсер етуі мүмкін.
Осындай затты жұтып қойған жағдайда, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
Батареядан сұйықтық аққан жағдайда, келесі шараны қолданып, сұйықтықты жалаңаш қолмен
ұстамаңыз.
Көзге түскен сұйықтық көру қабілетінен айырылуға себеп болуы мүмкін.
Көзді уқаламастан дереу сумен жуыңыз, содан кейін дәрігерге хабарласыңыз.
Денеге немесе киімдерге тиген сұйықтық терінің қабынуына немесе жарақаттануына себеп болуы
мүмкін.
Таза сумен жеткілікті түрде шайыңыз, содан кейін дәрігерге хабарласыңыз.
Қайта зарядталатын литий-иондық полимерлі батарея корпусқа кіріктірілген. Жергілікті ережелерге
сәйкес қоқысқа тастаңыз. Осы өнімді қоқысқа тастау кезінде, келесі процедура арқылы дұрыс бөлшектеп,
ішкі қайта зарядталатын батареяны алыңыз.
Батарея қуаты таусылғаннан кейін бөлшектеңіз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде, қоқысқа тастаудың дұрыс әдісі туралы білу үшін жергілікті өкілдерге
немесе дилеріңізге хабарласыңыз.
Келесі нұсқаулар осы құралды жөндеу емес, қоқысқа тастау мақсаттарына арналған. Бұл құрал
бөлшектегеннен кейін қалпына келтірілмейді.
Осы құралды қоқысқа тастау кезінде, құралға орнатылған батареяны алып, оны қайта
өңдеңіз.
RZ-NJ320B_GE_KK_PNQP1644ZA.book 18 ペー 2020年8月27日 木曜日 午後4時31分