Operating Instructions
Table Of Contents
2
Қауіпсіздік шаралары
∫ Құрал
• Бұл құралды жылу көздерінің жанында пайдалануға немесе орналастыруға болмайды.
• Қауіпсіздік үшін қоршаған орта дыбыстарын (мысалы, теміржол өткелдерінде және құрылыс алаңдарында)
есту қажет жерлерде бұл құрал арқылы жоғары дыбыс деңгейіндегі музыканы тыңдамаңыз.
• Бұл құралды медициналық құрылғылардың жанында пайдаланбаңыз. Бұл құрал мангиттерді
пайдаланатындықтан, кардиостимуляторлардың, дефибрилляторлардың және басқа медициналық
құрылғылардың жұмысына әсер етуі мүмкін. Осындай құрылғыларды қолдансаңыз және сұрақтарыңыз
болса, бұл өнімді пайдаланудан бұрын дәрігеріңізге хабарласыңыз.
• Құрылғыны магнитке сезімтал нәрселерге жақындатпаңыз. Сағат сияқты құрылғылар дұрыс жұмыс
істемей қалуы мүмкін.
∫ Құлаққап жастықшалары
• Құлаққап жастықшаларын балалар жұтып қоймас үшін, қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Құлаққап жастықшаларын қауіпсіз түрде бекітіңіз. Егер шығарғаннан кейін құлақ ішінде қалып кетсе,
жарақат немесе ауруға себеп болуы мүмкін.
∫ Аллергиялар
• Теріге тікелей тиетін құлаққапты немесе басқа бөліктерін пайдалану кезінде өзіңізді жайсыз сезінсеңіз,
оларды пайдалануды тоқтатыңыз.
• Үздіксіз пайдалану бөртпе немесе басқа да аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
∫ Құлаққаппен тыңдау кезіндегі сақтық шаралары
• Құлаққап мен құлаққап жастықшаларынан шығатын шамадан тыс дыбыс қысымы есту қабілетінің
нашарлауына себеп болуы мүмкін.
• Құлаққапты жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланбаңыз. Есту мүшелерінің дәрігер-мамандарының кеңесі
бойынша, музыканы үздіксіз әрі ұзақ уақыт тыңдамаған дұрыс.
• Егер құлағыңызда қоңырау дыбысын естісеңіз, дыбыс деңгейін азайтыңыз немесе пайдалануды тоқтатыңыз.
• Моторлы көлік құралдарын жүргізген кезде пайдаланбаңыз. Ол жол қозғалысы қаупін тудыруы мүмкін
және көптеген аймақтарда заңсыз болып табылады.
• Қауіпті болуы мүмкін жағдайларда өте сақ болуыңыз керек немесе пайдалануды уақытша тоқтатуыңыз
керек.
ЕСКЕРТУ:
Өрт шығу, электр тогы соғу немесе өнімнің зақымдалу қаупін азайту үшін,
• Осы құралға жаңбыр, ылғал тиіп кетуіне, сұйықтықтардың тамшылауына немесе
шашырауына жол бермеңіз.
• Құралдың үстіне гүлсауыт сияқты сұйықтықпен толтырылған заттарды қоймаңыз.
• Ұсынылған керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
• Қақпақтарды алмаңыз.
• Бұл құралды өз бетінше жөндеуге болмайды. Қызмет көрсету бойынша білікті қызмет көрсету
маманына жүгініңіз.
• Ақаулық пайда болса, құрылғыны пайдалануды тоқтатыңыз, бірақ өзгертпеңіз не жөндемеңіз.
Келесі жағдайларда пайдаланбаңыз
• Пайдалану, сақтау немесе тасымалдау кезіндегі жоғары немесе төмен шекті температуралар.
• Батареяны отқа немесе ыстық духовкаға лақтыру, я болмаса батареяны механикалық жолмен жару немесе
кесу. Бұл жарылысқа әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш сұйықтықтың немесе газдың жарылысына немесе ағуына әкелуі мүмкін өте жоғары температура
және/немесе өте төмен ауа қысымы.
Бұл құралға пайдалану кезінде мобильді телефондардан туындайтын радио кедергісі әсер етуі мүмкін.
Егер мұндай кедергі пайда болса, осы құрал мен мобильді телефон арасындағы қашықтықты ұзартыңыз.
Компьютерге қосылған кезде, тек берілген USB зарядтау сымын пайдаланыңыз.
RZ-NJ320B_GE_KK_PNQP1644ZA.book 2 ページ 2020年8月27日 木曜日 午後4時31分










