Operating Instructions
Table Of Contents
3
Bluetooth
®
туралы
∫ Пайдаланылған жиілік ауқымы
Бұл құрал 2,4 ГГц жиілік ауқымын пайдаланады.
∫ Осы құралдың сертификаты
• Бұл құрал жиілік шектеулеріне сәйкес келеді және жиілік заңдарына негізделген сертификаты бар.
Сондықтан, сымсыз байланысқа рұқсат алудың қажеті жоқ.
• Төмендегі әрекеттер кейбір елдерде заңмен қудаланады:
– Құралды бөлшектеу/өзгерту.
– Техникалық сипаттама көрсеткіштерін жою.
∫ Пайдалану шектеулері
• Деректерді сымсыз тасымалдау және/немесе Bluetooth
®
функциясы бар құрылғылардың барлығын
пайдалануға кепілдік берілмейді.
• Барлық құрылғылар Bluetooth SIG, Inc. компаниясының тарапынан белгіленген стандарттарға сәйкес
келуі тиіс.
• Құрылғының техникалық сипаттамалары мен параметрлеріне байланысты, ол қосылмауы мүмкін
немесе кейбір операциялар басқаша болуы мүмкін.
• Бұл құралда Bluetooth
®
қауіпсіздік мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіледі. Бірақ пайдалану ортасына және/
немесе параметрлерге байланысты, бұл қауіпсіздік жеткіліксіз болуы мүмкін. Деректерді бұл құралға
абайлап тасымалдаңыз.
• Бұл құрал арқылы деректерді Bluetooth
®
құрылғысына тасымалдау мүмкін емес.
∫ Пайдалану ауқымы
Құралды 10 м-лік максималды ауқымда пайдаланыңыз.
Қоршаған орта, бөгеттер немесе кедергілерге байланысты ауқым азаюы мүмкін.
∫ Басқа құрылғылардан туындайтын кедергі
• Құрал басқа Bluetooth
®
құрылғыларына немесе 2,4 ГГц ауқымды пайдаланатын құрылғыларға тым
жақын орналасқан жағдайда, радиотолқындардың кедергісіне байланысты құрылғының дұрыс жұмыс
істемеуі және шу мен дыбыстың үзіліп шығуы сияқты ақаулықтар туындауы мүмкін.
• Жақын жердегі радиохабар тарату станциясында және т.б. туындайтын радиотолқындар тым күшті
болса, бұл құрал дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
∫ Мақсатты пайдалану
• Бұл құрал қалыпты әрі жалпы пайдалануға ғана арналған.
• Бұл жүйені радиожиілік кедергісіне сезімтал жабдықтың жанында немесе ортада пайдаланбаңыз
(мысалы: әуежайлар, ауруханалар, зертханалар, т.б.).
Panasonic компаниясы деректерді сымсыз тасымалдау кезінде бүлінген деректер және/немесе
ақпарат үшін жауапты емес.
RZ-NJ320B_GE_KK_PNQP1644ZA.book 3 ページ 2020年8月27日 木曜日 午後4時31分










