Operating Instructions
Table Of Contents
Дайындау
7
Зарядтау
Қайта зарядталатын батарея (құралда орнатылған) бастапқыда зарядталмаған күйде болады. Құралды
пайдаланбас бұрын, батареяны зарядтаңыз.
1 USB қақпағын ашыңыз.
• USB қақпағы ылғал болса, оны ашпас бұрын,
сүртіп алыңыз.
2 USB зарядтау сымы арқылы осы
құралды компьютерге қосыңыз.
• Зарядтау кезінде жарық диоды қызыл түспен жанады. Зарядтау процесі аяқталғанда, жарық диоды сөнеді.
• Бос батареяны толығымен зарядтау шамамен 3 сағат алады.
3 USB қақпағын мықтап жауып қойыңыз.
∫ Назар аударыңыз
Зарядтау клеммасын су қолмен ұстамаңыз.
• Егер зарядтау клеммасына тер немесе сұйықтық тиген болса,
ақаулық пайда болуы мүмкін.
Ескертпе
•10oC - 35 oC аралығындағы бөлме температурасында зарядтаңыз. Осы температура ауқымынан тыс болған
жағдайда, зарядтау процесі тоқтатылып, жарық диоды сөнуі мүмкін.
• Зарядтау кезінде қуатты қосуға немесе Bluetooth
®
құрылғыларына қосылуға болмайды.
• Берілген зарядтау сымынан басқа ешқандай USB зарядтау сымдарын пайдаланбаңыз. Бұл ақаулыққа әкелуі
мүмкін.
• Егер компьютер күту режимінде немесе ұйқы режимінде болса немесе қосылса, зарядтау орындалмауы
мүмкін немесе тоқтауы мүмкін.
A: Жарық диоды
B: USB зарядтау сымы (берілген)
• Клеммалардың бағытын тексеріп, оларды тік
ұстап штепсельге қосыңыз/ажыратыңыз. (Егер
клемма қисайтылған күйде немесе дұрыс емес
бағытта қосылса, оның майысып кету себебінен
ақаулық туындауы мүмкін.)
C: Компьютер
• Компьютерді алдын ала қосыңыз.
C
B
A
RZ-NJ320B_GE_KK_PNQP1644ZA.book 7 ページ 2020年8月27日 木曜日 午後4時31分










