Operating instructions

Жалпы интерфейсті пайдалану
Ортақ интерфейс модулі мәзірі Ортақ интерфейс (CI) модульдеріндегі
бағдарламалық жасақтамаға кіру мүмкіндігін береді.
Бұл функция кейбір елдерде не аймақтарда қол жетімді болмауы
мүмкін.
Бейне және дыбыс сигналдары таратушы немесе қызметке
байланысты шықпауы мүмкін.
CI модулі кейбір қызметтерді көруге мүмкіндік берсе де, бұл теледидарда
барлық қызметтердің ұсынылуына кепілдік берілмейді (мысалы,
шифрланған ақылы телевизия арналары). Тек қана таратушының
растаған CI модулін ғана пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
және қызметтер шарттарын білу үшін оператор / таратушыға немесе
жалпы интерфейс модулі өндірушісіне хабарласыңыз.
CI модулін енгізу (қосымша)
Қалыпты кодталған арналар пайда болады. (Көрінетін арналар мен
олардың мүмкіндіктері CI модуліне тәуелді.) Егер кодталған арналар
шықпаса, төмендегіні орындаңыз.
Мәліметтер алу үшін CI модулінің нұсқаулығын оқыңыз немесе мазмұн
жабдықтаушысынан сұраңыз.
1. Режимді TV көмегімен таңдаңыз.
DVB-C / DVB-T
2. Мәзірді MENU көмегімен көрсетіңіз.
3. Установки > Обычный интерфейс тармағын таңдаңыз және қол жеткізу
үшін OK түймесін басыңыз.
4. Слот 1: параметрін таңдаңыз, OK түймесін басыңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Экрандық нұсқаулар қашықтан басқару құрылғысының түймелеріне
сәйкес келмеуі мүмкін.
- 197 -