Operating instructions

Медиа ойнатқыш
Медиа ойнатқышын пайдалану
Ақпарат
Медиа ойнатқыш USB флэш жадында / желі құрылғысында жазылған
фото, бейнені немесе музыканы тамашалауға мүмкіндік береді.
(Мысал)
Фото режимі:
Сандық камералар түсірген қимылсыз суреттер көрсетіледі.
Бейне режимі:
Сандық бейне камералармен жазылған қозғалатын суреттер және
сандық бейне деректер ойнатылады.
Музыка режимі:
Сандық музыка деректері ойнатылады.
Жұмыс істегенде, дыбыс сигналы DIGITAL AUDIO және HDMI2 (ARC
функциясы) терминалдарынан шығады. Бірақ бейне сигналдары
шықпайды. ARC функциясы бар HDMI2 терминалын пайдалану үшін
ARC функциясы бар күшейткішті қосыңыз және театр динамиктерін
пайдалануды орнатыңыз.
Функциялар > VIERA Link “HDAVI Control™”
Дата жазу құралының жазбаны жасаған күнін көрсетеді. Жарамды
жазу күні жоқ файл үшін “ “ көрсетіледі.
Пайдаланылатын жазу құрылғысына байланысты суреттер
теледидарда дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Көптеген файлдар мен қалталар болған жағдайда көрсету біраз уақыт
алуы мүмкін.
Жартылай бүлінген файлдар төмен ажыратымдылықпен көрсетілуі
мүмкін.
Сурет параметрі осы жағдайға байланысты жұмыс істемеуі мүмкін.
Қалта мен файл атаулары сандық камера немесе сандық
бейнекамерада пайдаланылғандардан басқаша болуы мүмкін.
- 93 -