Operating Instructions

Басқа
Ақауды шешу үшін қызмет немесе көмекке жүгінбес бұрын мына
қарапайым нұсқауларды орындаңыз.
Ақаулық жоғалмаса, жергілікті Panasonic дилеріне көмек алу үшін
хабарласыңыз.
HDMI CEC функциясы істемейді және қате туралы хабар пайда болады
Байланыстарды тексеріңіз.
Функциялар > HDMI CEC > CEC қосылымы
Жалғанған жабдықты іске қосыңыз, сосын теледидарды қосыңыз.
Теледидар бөлшектері қызып кеткен
Теледидар бөлшектері қызып кетуі мүмкін. Температураның осылай
көтерілуі өнімділік пен сапа проблемасын білдірмейді.
Шамадан тыс тоқ қатесі туралы хабар көрінеді
Бұл қате қосылған USB құрылғысынан пайда болуы мүмкін.
Құрылғыны шығарыңыз және желілік қуатты ауыстырып қосу/өшіру
көмегімен теледидарды өшіріңіз, сонан соң оны қайтадан қосыңыз.
USB портының ішінде бөтен заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Қате туралы хабар шығады
Хабардың нұсқауларын орындаңыз.
Егер ақау сақталса, жергілікті Panasonic дилерімен немесе өкілетті
қызмет орталығымен хабарласыңыз.
Саусақпен басқан кезде, дисплей тақтасы аздап жылжып, шу шығарады
Панельдің зақымдалуын болдырмау үшін панельдің айналасында аз
ғана бос орын болады. Бұл ақауға жатпайды.
- 164 -