Operating Instructions

Техникалық қызмет көрсету
Күту және тазалау
Алдымен желі ашасын розеткадан ажыратыңыз.
Дисплей панелі, корпус, Тұғыр
Үнемі қадағалап отырыңыз:
Панель дисплейі, корпус және тұғыр бетін абайлап арнайы не
болмаса басқа жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Дақтарды кетіру үшін:
(1) Алдымен беттен шаңды тазалаңыз.
(2) Жұмсақ шүберекті таза сумен немесе сұйытылған жұмсақ
детергентпен (судың 100 бөлігіне детергенттің 1 бөлігі) сулаңыз.
(3) Шүберекті қатты сығыңыз. (Ескеріңіз: теледидардың ішіне су кіруіне
жол бермеңіз, себебі бұл өнімнің ақаулығына себеп болуы мүмкін.)
(4) Дымқыл шүберекпен абайлап сүртіңіз және кетпейтін кірді сүртіп
кетіріңіз.
(5) Осыдан кейін аппарат бетін құрғақ таза шүберекпен қайта сүртіңіз.
= Назар аударыңыз =
Қатты шүберекті пайдалануға немесе бетін қатты ысқылауға
болмайды, керісінше жағдайда бұл бетіне сызаттар түсіруі мүмкін.
Бетіне жәндікке қарсы, езгіш, ерітінді немесе басқа ұшатын заттарды
жақындатпаңыз. Бұл аппарат сыртының сапасын нашарлатуы не
бояуын кетіріп жіберуі мүмкін.
Дисплей панелінің бетіне арнайы күтім керек және ол тез зақымдалуы
мүмкін. Дисплей бетін тырнағыңызбен не басқа өткір затпен
тырнамаңыз.
Корпусы мен тұғырына резеңке немесе поливинхлоридті заттың ұзақ
уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл аппарат сыртының сапасын
нашарлатуы мүмкін.
Шнур ашасы
Шнурдың ашасын құрғақ шүберекпен уақытылы сүртіп тұрыңыз.
Дымқыл мен шаң өрттің шығуына немесе ток соғуға себеп болуы
мүмкін.
- 166 -