Operating Instructions

Медиа-проигрыватель
Медиа ойнатқышын пайдалану
Ақпарат
Медиа ойнатқыш USB флэш жадында жазылған фото, бейнені немесе
музыканы тамашалауға мүмкіндік береді.
Барлық файлдар қалта бойынша топтастырылып көрсетілген.
Жұмыс істегенде, дыбыс сигналы DIGITAL AUDIO және HDMI2 (ARC
функциясы) терминалдарынан шығады. Бірақ бейне сигналдары
шықпайды. ARC функциясы бар HDMI2 терминалын пайдалану үшін
ARC функциясы бар күшейткішті қосыңыз және театр динамиктерін
пайдалануды орнатыңыз.
Көру > Сыртқы жабдық > Сыртқы байланыс
Пайдаланылатын жазу құрылғысына байланысты суреттер
теледидарда дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Көптеген файлдар мен қалталар болған жағдайда көрсету біраз уақыт
алуы мүмкін.
Жартылай бүлінген файлдар төмен ажыратымдылықпен көрсетілуі
мүмкін.
Сурет параметрі осы жағдайға байланысты жұмыс істемеуі мүмкін.
Қалта мен файл атаулары сандық камера немесе сандық
бейнекамерада пайдаланылғандардан басқаша болуы мүмкін.
- 69 -