Operating Instructions

Ескертпе
Міндетті түрде жергілікті желі тура жалғау кабелін пайдаланыңыз.
Желілік ортаға арналған қажетті жабдықты орнатыңыз және қосыңыз.
Бұл теледидарға мұндай реттеулер орындалмайды. Жабдықтың
нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Егер модемде кең ауқымды маршрутизатор функциясы болмаса, кең
ауқымды маршрутизаторды пайдаланыңыз.
Егер модемде кең ауқымды маршрутизатор болғанымен, бос порттар
болмаса, хабты пайдаланыңыз.
Кең ауқымды маршрутизаторлар мен хабтар 10BASE-T / 100BASE-TX
пішімімен үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз.
Егер тек 100BASE-TX пішіміне үйлесімді жабдықтарды пайдаланатын
болсаңыз, 5-ші не одан кейінгі санаттағы жергілікті желі кабельдері
қажет болады.
Желілік жабдыққа қатысты қосымша көмек алу үшін Интернет
қызметтерінің провайдеріне (ISP) немесе телекоммуникациялық
компанияға хабарласыңыз.
Интернет қызметтерінің провайдерімен (ISP) немесе
телекоммуникациялық компаниямен жасаған келісім-шарттардың
шарттары мен талаптарын растаңыз. Келісім-шарттарға байланысты
қосымша ақылар алынуы мүмкін немесе интернетке бірнеше қосылым
мүмкін емес болуы мүмкін.
Желілік қосылымды өзгерткенде немесе қайта қосқанда желілік қуатты
ауыстырып қосу/өшіру арқылы теледидарды өшіріп, қайта қосыңыз.
Желі күйіне байланысты мазмұн дұрыс кері ойнатылмауы мүмкін.
- 92 -