Operating Instructions
- 108 -
Техникалық мәліметтер
USB HDD
■ USB HDD
(осы теледидармен сандық теледидар бағдарламаларын жазу)
●
Осы теледидармен жұмыс істейтін USB HDD сыйымдылығы 160 ГБ
және 3 ТБ аралығында болады.
●
Осы теледидар арқылы жазу және ойнату үшін USB HDD дискісін
ұяшық шығысына жалғаңыз.
●
Осы теледидармен пішімделген USB HDD дискісін пайдаланыңыз.
Жазу > USB HDD орнату > USB HDD орнату
●
Өнімділігі жағынан барлық USB HDD дискілерге кепілдік берілмейді.
Осы теледидармен сыйысымдылығы тексерілген USB HDD дискілерін
келесі веб-сайттан қараңыз.
http://panasonic.net/viera/support (Тек ағылшын тілінде)
= Ескертпе =
●
Компьютерде жаңартылған деректер көрсетілмеуі мүмкін.
●
Теледидар деректерге кіруі барысында құрылғыны алып тастауға
болмайды. Керісінше жағдайда бұл құрылғыға немесе теледидарға
зиян келтіруі мүмкін.
●
Құрылғыдағы істіктерге тимеңіз.
●
Құрылғыға жоғары қысым немесе соққы әсерін тигізбеңіз.
●
Құрылғыны дұрыс бағытта енгізіңіз. Керісінше жағдайда бұл құрылғыға
немесе теледидарға зиян келтіруі мүмкін.
●
Электр кедергісі, статикалық электр энергиясы немесе қате жұмыс
деректерді немесе құрылғыны бүлдіруі мүмкін.