Operating Instructions

- 109 -
Медиа ойнатқыш
Медиа ойнатқышын пайдалану
Ақпарат
Медиа ойнатқыш SD картасында / USB флэш жадында / желі
құрылғысында жазылған фото, бейне немесе музыканы және осы
теледидар арқылы форматталған USB HDD дискісіне жазылған
мазмұндарды тамашалауға мүмкіндік береді.
(Мысал)
Фото режимі:
Сандық камералар түсірген қимылсыз фотосуреттер көрсетіледі.
Бейне режимі:
Сандық бейне камералармен жазылған қимылы бар суреттер және
сандық бейне деректер ойнатылады.
Жазылатын теледидар режимі:
(Айрықша USB HDD үшін) Осы теледидар арқылы USB HDD
дискісінде жазылған теледидар бағдарламалары ойнатылады.
Музыка режимі:
Сандық музыка деректері ойнатылады.
Жұмыс істегенде, дыбыс сигналы DIGITAL AUDIO және HDMI2 (ARC
функциясы) терминалдарынан шығады. Бірақ бейне сигналдары
шықпайды. ARC функциясы бар HDMI2 терминалын пайдалану үшін
ARC функциясы бар күшейткішті қосыңыз және театр динамиктерін
пайдалануды орнатыңыз.
Функциялар > VIERA Link “HDAVI Control™”
Дата жазу құралының жазбаны жасаған күнін көрсетеді. Жарамды
жазу күні жоқ файл үшін “ ” көрсетіледі.
Пайдаланылатын жазу құрылғысына байланысты суреттер
теледидарда дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Көптеген файлдар мен қалталар болған жағдайда көрсету біраз уақыт
алуы мүмкін.