Operating Instructions

- 143 -
DLNA
Ақпарат
Бұл теледидар DLNA Certified™ өнімі болып табылады.
DLNA
®
(Digital Living Network Alliance) — DLNA Certified алған сандық
электрондық құрылғыларды үй желісінде оңай әрі қолайлы пайдалану
мүмкіндігін беретін стандарт. Қосымша ақпарат алу үшін www.dlna.org
сайтын қараңыз.
Осы функцияны қосу үшін теледидарды үй желісіне қосыңыз.
Желі > Желілік қосылымдар
Желі > Желілік параметрлері
Медиа серверінде сақталған ортақ пайдаланылатын
мазмұндарды ойнату
Үй желісіне қосылған DLNA Certified медиа серверіне (мысалы, Windows
7 / Windows 8 амалдық жүйесі орнатылған компьютер, DIGA жазу құралы,
т.б.) фотосуреттерді, бейнелерді немесе музыка мазмұндарын сақтаңыз.
Одан кейін осы мазмұндарды теледидардан тамашалай аласыз.
(Мысал)
Осы теледидардағы мазмұндарды көру және олармен жұмыс істеу
Желі > DLNA > DLNA пайдалану
Қолдау көрсетілетін файл пішімдері үшін
Желі > Техникалық мәліметтер
Компьютерді медиа сервер ретінде пайдалану
Windows 7 / Windows 8 жүйесі бар компьютерді дайындаңыз немесе
сервер бағдарламалық құралын компьютерге орнатылуын қамтамасыз
етіңіз. “Windows 7 / Windows 8” және “Twonky 7 (Windows XP немесе Mac
жүйесімен компьютерге орнатылған)” осы теледидармен үйлесімділігі
тексерілген серверлік бағдарламалық құрал болып табылады (2013
жылы желтоқсанда ). Бұл теледидармен басқа ешқандай серверлік
бағдарламалық құрал тексерілген жоқ, сондықтан үйлесімдік пен
өнімділікке кепілдік берілмейді.