Operating Instructions

- 144 -
Windows 7 / Windows 8
Windows 7 / Windows 8 жүйесінің үй тобы параметрлеріне орнату
қажет. Толық мәлімет алу үшін Windows 7 / Windows 8 жүйесінің көмек
функциясын қараңыз.
Twonky
“Twonky” PacketVideo корпорациясының өнімі болып табылады.
“Twonky” өнімін орнатуға және реттеуге арналған Орнату нұсқаулығын
алу үшін TwonkyMedia веб-торабына кіріңіз.
Серверлік бағдарламалық құрал алу үшін қосымша ақы алынуы
мүмкін.
= Ескертпе =
Серверлік бағдарламалық құрал туралы толық ақпарат алу үшін
бағдарламалық құрал компаниясына хабарласыңыз.
Медиа серверге арналған серверлік бағдарламалық құралы
компьютерге орнатылған кезде деректерге басқа адамдардың кіру
қаупі болады. Маршрутизатор пайдаланбаған кезде кеңседегі,
қонақ үйдегі, тіпті үйдегі желі ортасына қатысты параметрлер мен
қосылымдарға мұқият болыңыз.
DLNA-үйлесімді DIGA жазғыш құралын медиа сервер ретінде
пайдалану
DLNA-үйлесімді DIGA жазу құралын үй желісіне жалғау арқылы оны
медиа серверлерінің бірі ретінде пайдалануыңызға және басқаруыңызға
болады.
Жазу құралдың DLNA стандартымен үйлесімді екеніне көз жеткізу
үшін DIGA жазу құралының нұсқаулығын оқыңыз.