Operating Instructions

- 145 -
DMC (сандық мультимедиа контроллері) желілік
құрылғысы арқылы осы теледидардағы ортақ
пайдаланылатын мазмұндарды ойнату
Үй желісіне қосылған DMC желілік құрылғысымен (смартфон, Windows 7 /
Windows 8 амалдық жүйесі орнатылған компьютер, т.б.) басқару арқылы
мультимедиа серверінде сақталған мазмұндарды тамашалауға болады.
Осы функцияны смартфонда немесе Windows 7 / Windows 8 амалдық
жүйесінде пайдалану үшін теледидардағы Настр. прил. TV Remote
параметрін орнатыңыз.
Желі > Желілік параметрлері > Настр. прил. TV Remote
VIERA қызметін смартфонда басқару үшін бағдарламаны орнату
қажет. Бағдарлама туралы қосымша мәлімет алу үшін:
http://panasonic.net/viera/support (Тек ағылшын тілінде)
Жұмысы туралы мәлімет алу үшін бағдарламаның қолдау көрсету
туралы ақпаратын қараңыз.
“Windows 7 / Windows 8” осы теледидармен үйлесімділігі тексерілген
амалдық жүйе болып табылады (2013 жылы желтоқсанда). Әрекеттер
туралы мәлімет алу үшін Windows 7 / Windows 8 жүйесінің көмек
функциясын қараңыз.
Осы теледидардың бағдарламаларын немесе
мазмұндарын желі жабдығының басқа бөлігімен ортақ
пайдалану
Осы теледидардың ағымдағы сандық теледидар бағдарламаларын
немесе мазмұндарын үй желісіне қосылған басқа DLNA Certified
VIERA, смартфоныңызды, т.б. пайдалануға болады. Арнаны таңдап,
теледидарды смартфонда
көруге де болады.
Мысалы, басқа бөлмеде отырып, теледидарды смартфонда қарайсыз
және т.б.
: Қол жетімді мазмұндар:
Осы теледидардың медиа ойнатқышы мен желі жабдығының
басқа бөлігі арқылы ойнатыла алатын мазмұндар
Осы теледидар арқылы USB HDD дискілеріне жазылған
теледидар бағдарламалары
: Осы функцияны смартфонда пайдалану үшін VIERA қызметін
смартфонда басқаруға арналған бағдарламаны орнату қажет.
Бағдарлама туралы қосымша мәлімет алу үшін:
http://panasonic.net/viera/support (Тек ағылшын тілінде)
Жұмысы туралы мәлімет алу үшін бағдарламаның қолдау көрсету
туралы ақпаратын қараңыз.