Operating Instructions

- 187 -
= Ескертпе =
Дауыспен басқару функциясын толық пайдалану үшін кең ауқымды
желі ортасы қажет. Себебі бұл функция дауысты тану серверіне
интернет байланысы арқылы қосылады. Интернет ортасы болса, бұл
функция прокси параметрлеріне байланысты істемеуі мүмкін. Прокси
параметрлері жоқ интернетке қосылыңыз. (Үйде қолдану үшін прокси
параметрлерінің қажеті жоқ. Интернет ортасы туралы мәліметтерді
интернет қызметінің провайдерінен немесе телекоммуникация
компаниясынан сұрап біліңіз.)
Нұсқаулар
1. Сенсорлық тақта контроллеріндегі түймесін басыңыз.
Растау экраны көрсетілгенде, мәтінді мұқият оқып шыққаннан кейін
Дауыспен басқару функциясын іске қосыңыз.
2. Пайдалану нұсқаулығы көрсетіледі, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Дауыстық пәрмендер тізімін шығару үшін
OPTION
Дауыспен басқару функциясынан шығу үшін
BACK/RETURN
= Ескертпе =
Дауыспен басқару функциясын іске қосқан кезде теледидардың
дыбыстық деңгейі төмендейді.
Дауыспен басқару функциясы мына жағдайларда дұрыс істемеуі
мүмкін:
Сөздер анық және дұрыс айтылмайды
Дауысыңыз тым қатты немесе тым ақырын.
Бөтен дыбыстар бар
Дауыстық пәрменнен басқа сөздер танылмауы мүмкін.
Дауыспен басқару функциясын қолданғанда, сенсорлық тақта
контроллеріне орнатылған микрофоннан 15 см қашықтық ауқымында
дауыс берген дұрыс.
Дауыспен басқару функциясы ескертусіз өзгертілуі мүмкін.