Operating Instructions

- 251 -
Қызмет көрсету
Күту мен тазалау
Алдымен шнурдың ашасын розеткадан ажыратыңыз.
Дисплей панелі, корпус, Тұғыр
Үнемі қадағалап отырыңыз:
Панель дисплейі, корпус және негіздің бетін абайлап жұмсақ
шүберекпен шаңды немесе саусақ іздерін тазалап сүртіңіз.
Дақтарды кетіру үшін:
(1) Алдымен бетіндегі щаңнан тазалаңыз.
(2) Жұмсақ шүберекті таза сумен немесе сұйытылған жұмсақ
детергентпен (судың 100 бөлігіне детергенттің 1 бөлігі) сулаңыз.
(3) Шүберекті қаты сығыңыз. (Сұйық заттардың теледидар ішіне кіріп
кетуіне жол бермеңіз. Ол ақаулық тудыруы мүмкін.)
(4) Осыдан кейін аппарат бетін құрғақ таза шүберекпен қайта сүртіңіз.
= Назар аударыңыз =
Қатты шүберекті пайдалануға немесе бетін қатты ысқылауға
болмайды, керісінше жағдайда бұл бетіне сызаттар түсіруі мүмкін.
Бетіне жәндікке қарсы, езгіш, ерітінді немесе басқа ұшатын заттарды
жақындатпаңыз. Бұл аппарат сыртының сапасын нашарлатуы не
бояуын кетіріп жіберуі мүмкін.
Дисплей панелінің бетіне арнайы күтім керек және тез зақымдалуы
мүмкін. Дисплей бетін тырнағыңызбен не басқа өткір затпен
тырнамаңыз.
Корпусы мен тұғырына резеңке немесе поливинхлоридті заттың ұзақ
уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл аппарат сыртының сапасын
нашарлатуы мүмкін.
Шнур ашасы
Шнурдың ашасын құрғақ шүберекпен уақытылы сүртіп тұрыңыз.
Дымқыл мен шаң өрттің шығуына немесе ток соғуға себеп болуы
мүмкін.