Operating instructions

- 102 -
Медиа ойнатқыш
Медиа ойнатқышын пайдалану
Ақпарат
Медиа ойнатқыш SD картасында / USB флэш жадында / желі
құрылғысында жазылған фото, бейне немесе музыканы және осы
теледидар арқылы форматталған USB HDD дискісіне жазылған
мазмұндарды тамашалауға мүмкіндік береді.
(Мысал)
Фото режимі:
Сандық камералар түсірген қимылсыз фотосуреттер көрсетіледі.
Бейне режимі:
Сандық бейне камералармен жазылған қимылы бар суреттер және
сандық бейне деректер ойнатылады.
Жазылатын теледидар режимі:
(Айрықша USB HDD үшін) Осы теледидар арқылы USB HDD
дискісінде жазылған теледидар бағдарламалары ойнатылады.
Музыка режимі:
Сандық музыка деректері ойнатылады.
Жұмыс істегенде, дыбыс сигналы DIGITAL AUDIO және HDMI1 / HDMI2
(ARC функциясы) терминалдарынан шығады. Бірақ бейне сигналдары
шықпайды. ARC функциясы бар HDMI1 / HDMI2 терминалдарын
пайдалану үшін, ARC функциясы бар күшейткішті қосып, кинотеатр
динамиктерін пайдалануға орнатыңыз да, Дыбыс мәзіріндегі Выход
ARC бөліміндегі шығыс параметрін сәйкестендіріңіз.
Функциялар > VIERA Link “HDAVI Control™”
Дата жазу құралының жазбаны жасаған күнін көрсетеді. Жарамды
жазу күні жоқ файл үшін “ ” көрсетіледі.
Пайдаланылатын жазу құрылғысына байланысты суреттер
теледидарда дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Көптеген файлдар мен қалталар болған жағдайда көрсету біраз уақыт
алуы мүмкін.