Operating Instructions

DLNA
Ішкі ағын
Бұл теледидар DLNA Certified™ өнімі болып табылады.
DLNA
®
(Digital Living Network Alliance) — DLNA Certified алған сандық
электрондық құрылғыларды үй желісінде оңай әрі қолайлы пайдалану
мүмкіндігін беретін стандарт. Қосымша ақпарат алу үшін www.dlna.org
сайтын қараңыз.
Осы функцияны қосу үшін теледидарды үй желісіне қосыңыз.
Желі > Желілік қосылымдар
Желі > Желілік параметрлері
Медиа серверінде сақталған ортақ пайдаланылатын
мазмұнды ойнату
Үй желісіне қосылған DLNA Certified медиа серверіне (мысалы, ДК, т. б.)
фотосурет, бейне немесе музыка мазмұнын сақтаңыз. Содан кейін осы
мазмұнды теледидардан тамашалай аласыз.
(Мысал)
Осы теледидардағы мазмұнды көру және олармен жұмыс істеу
Желі > DLNA > DLNA пайдалану
Қолдау көрсетілетін пішімдер туралы мәліметтер алу үшін
Желі > Техникалық мәліметтер
- 125 -