Operating Instructions

DMC (сандық мультимедиа контроллері) желілік жабдығы
арқылы осы теледидардағы ортақ пайдаланылатын
мазмұнды ойнату
Үй желісіне қосылған DMC желілік жабдығымен (смартфон, ДК, т.
б.) басқару арқылы мультимедиа серверінде сақталған мазмұнды
тамашалауға болады.
Осы функцияны смартфонда немесе ДК-де пайдалану үшін осы
теледидардың Настр. прил. TV Remote параметрін орнатыңыз.
Желі > Желілік параметрлері > Настр. прил. TV Remote
Ал сізге VIERA қызметін смартфонда басқару үшін бағдарламаны
орнату қажет.
Қолдау көрсету > Жиі қойылатын сұрақтар > Толық ақпарат
Жұмысы туралы мәлімет алу үшін бағдарламаның қолдау көрсету
туралы ақпаратын қараңыз.
Мазмұнды басқа желілік жабдықпен ортақ пайдалану
Үйіңіздегі желіге жалғанған басқа желі жабдығымен осы теледидардың
мазмұнын пайдалана аласыз.
Қол жетімді мазмұн:
Осы теледидардың фотосурет, бейне немесе музыка мазмұны
Қол жетімді желілік жабдық:
DLNA Certified VIERA
Осы функцияны басқа DLNA Certified VIERA функциясымен
қолдану үшін теледидардағы Настройка соединения функцияларын
орнатыңыз.
Желі > Желілік параметрлері > Настройка соединения
Осы теледидардың мазмұны тек бір басқа құрылғымен ғана ортақ
пайдаланылады.
= Ескертпе =
Бұл функцияны пайдалану үшін осы теледидарды қосыңыз.
- 126 -