Operating Instructions

Медиа ойнатқыш
Медиа ойнатқышын пайдалану
Ақпарат
Медиа ойнатқыш USB флэш жадында / желі құрылғысында жазылған
фото, бейне немесе музыканы және осы теледидар арқылы пішімделген
USB HDD дискісіне жазылған мазмұнды тамашалауға мүмкіндік береді.
(Мысал)
Вид пр. списка:
Сандық камера не сандық бейне камера арқылы жазып алынған
қимылсыз / жылжымалы суреттер ойнатылады.
Вид п. со смш. ф.:
Барлық файлдар қалта бойынша топтастырылып көрсетілген.
Жазылатын теледидар режимі:
(Айрықша USB HDD үшін) Осы теледидар арқылы USB HDD
дискісінде жазылған теледидар бағдарламалары ойнатылады.
Жұмыс істегенде, дыбыс сигналы DIGITAL AUDIO және HDMI2 (ARC
функциясы) терминалдарынан шығады. Бірақ бейне сигналдары
шықпайды. ARC функциясы бар HDMI2 терминалын пайдалану үшін
ARC функциясы бар күшейткішті қосыңыз және театр динамиктерін
пайдалануды орнатыңыз.
Функциялар > VIERA Link “HDAVI Control™”
Пайдаланылатын жазу құрылғысына байланысты суреттер
теледидарда дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Көптеген файлдар мен қалталар болған жағдайда көрсету біраз уақыт
алуы мүмкін.
Жартылай бүлінген файлдар төмен ажыратымдылықпен көрсетілуі
мүмкін.
Сурет параметрі осы жағдайға байланысты жұмыс істемеуі мүмкін.
Қалта мен файл атаулары сандық камера немесе сандық
бейнекамерада пайдаланылғандардан басқаша болуы мүмкін.
- 125 -