Operating Instructions

Эконом. режим ожидания
Бұл функцияны пайдалану үшін Установки VIERA Link ішінде Эконом.
режим ожидания параметрін Вкл. күйіне орнатыңыз.
Күту режиміндегі қосылған жабдықтың тұтынылатын қуаты теледидардың
қосу / өшіру күйімен синхрондауға байланысты көптеу немесе аздау
етіліп бақыланады.
Теледидар күту режиміне орнатылған кезде, жалғанған жабдық өздігінен
күту режиміне ауысады және жалғанған жабдықтың күту режимінде
тұтынатын энергиясы өздігінен азаяды.
Теледидар қосулы кезде, жалғанған жабдық әлі де күту режимінде
болады, бірақ жалғанған жабдықты қосуды жылдамдату үшін қуатты
тұтыну мөлшері артады.
Бұл функция жалғанған жабдық тұтынылатын энергияны күту
режиміне ауыстыра алса және жоғары мөлшерлі тұтыну деңгейіне
орнатылған болса тиімді болып табылады.
Бұл функция Совместное выкл. режимі Вкл. күйіне қойылғанда жұмыс
істейді.
- 221 -