Operating Instructions

Компьютерді медиа сервер ретінде пайдалану
Windows 7 / Windows 8 жүйесі бар компьютерді дайындаңыз немесе
сервер бағдарламалық құралын компьютерге орнатылуын қамтамасыз
етіңіз. “Windows 7 / Windows 8” және “Twonky 7 (Windows XP немесе Mac
жүйесімен компьютерге орнатылған)” осы теледидармен үйлесімділігі
тексерілген серверлік бағдарламалық құрал болып табылады (қаңтар,
2015 жыл). Бұл теледидармен басқа ешқандай серверлік бағдарламалық
құрал тексерілген жоқ, сондықтан үйлесімдік пен өнімділікке кепілдік
берілмейді.
Windows 7 / Windows 8
Windows 7 / Windows 8 жүйесінің үй тобы параметрлеріне орнату
қажет. Толық мәлімет алу үшін Windows 7 / Windows 8 жүйесінің көмек
функциясын қараңыз.
Twonky
“Twonky” — PacketVideo корпорациясының өнімі болып табылады.
“Twonky” өнімін орнатуға және реттеуге арналған “Орнату
нұсқаулығын” алу үшін TwonkyMedia веб-торабына кіріңіз.
Серверлік бағдарламалық құрал алу үшін қосымша ақы алынуы
мүмкін.
= Ескертпе =
Серверлік бағдарламалық құрал туралы толық ақпарат алу үшін
бағдарламалық құрал компаниясына хабарласыңыз.
Медиа серверге арналған серверлік бағдарламалық құралы
компьютерге орнатылған кезде деректерге басқа адамдардың кіру
қаупі болады. Маршрутизатор пайдаланбаған кезде кеңседегі,
қонақ үйдегі, тіпті үйдегі желі ортасына қатысты параметрлер мен
қосылымдарға мұқият болыңыз.
- 146 -