Operating Instructions

Настройка соединения
Теледидарды желіге қосылған құрылғылар арқылы басқару үшін
орнатады.
1. Мәзірді MENU көмегімен көрсетіңіз.
2. Сеть > Настройка соединения тармағын таңдаңыз және қол жеткізу
үшін OK түймесін басыңыз.
3. Келесі элементтердің біреуін таңдаңыз және қол жеткізу үшін OK
түймесін басыңыз.
Сервер DLNA / Тип регистрации / Список удал. устройств
4. Элементті орнатыңыз және сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
Сервер DLNA
(Вкл. / Выкл.)
Теледидар бағдарламасын және осы теледидардың мазмұнын желілік
жабдықпен ортақ пайдалануға (DLNA Certified VIERA, т.б.) мүмкіндік
береді.
Осы функцияны басқа VIERA функциясымен пайдалану үшін осы
теледидардың атауын басқа VIERA функциясының DLNA сервер
тізімінен таңдаңыз да, содан кейін ортақ пайдаланғыңыз келетін
мазмұнды таңдаңыз. Сондай-ақ басқа VIERA функциясының
пайдалану нұсқаулығын оқыңыз.
Осы функцияны смартфонда пайдалану үшін VIERA қызметін
смартфонда басқаруға арналған бағдарламаны орнату қажет.
Бағдарлама туралы ақпарат алу үшін:
http://panasonic.net/viera/support (Тек ағылшын тілінде)
Жұмысы туралы мәлімет алу үшін бағдарламаның қолдау көрсету
туралы ақпаратын қараңыз.
Әдепкі конфигурацияны өзгерту өнімнің көбірек қуат тұтынуына әкелуі
мүмкін.
Сервер DLNA параметрі Вкл. күйіне орнатылғанда күту режимінде
жарық диоды қызғылт сары болып жанады.
Тип регистрации
(Авто / Ручное)
Үй желісіндегі жабдықтың әр бөліміне арналған осы теледидарға кіруге
шектеу түрін таңдайды.
Авто:
Үй желісіндегі барлық қол жетімді жабдықтарға кіру мүмкіндігі
болады (ең көбі – 16 жабдық).
- 169 -