Operating Instructions

DMC (сандық мультимедиа контроллері) желілік жабдығы
арқылы осы теледидардағы ортақ пайдаланылатын
мазмұнды ойнату
Үй желісіне қосылған DMC желілік жабдығымен басқару арқылы
мультимедиа серверінде сақталған мазмұнды тамашалауға болады.
Осы функцияны смартфонда немесе ДК-де пайдалану үшін осы
теледидардың Настр. прил. TV Remote параметрін орнатыңыз.
Желі > Желілік параметрлері > Настр. прил. TV Remote
Ал сізге теледидарды смартфонда басқару үшін. бағдарламаны
орнату қажет.
Қолдау көрсету > Жиі қойылатын сұрақтар > Толық ақпарат
Жұмысы туралы мәлімет алу үшін бағдарламаның қолдау көрсету
туралы ақпаратын қараңыз.
Мазмұнды басқа желілік жабдықпен ортақ пайдалану
Үйіңіздегі желіге жалғанған басқа желі жабдығымен осы теледидардың
мазмұнын пайдалана аласыз.
Қол жетімді мазмұн:
Осы теледидардың фотосурет, бейне немесе музыка мазмұны
Ағымдағы сандық теледидар бағдарламасы
Қол жетімді желілік жабдық:
Үй желісінің функциясын қолдау көрсететін теледидар
Смартфон, т.б.
Осы функцияны смартфонда пайдалану үшін, осы теледидарды
смартфонда басқаруға арналған бағдарламаны орнату қажет.
Қолдау көрсету > Жиі қойылатын сұрақтар > Толық ақпарат
Жұмысы туралы мәлімет алу үшін бағдарламаның қолдау көрсету
туралы ақпаратын қараңыз.
Осы функцияны басқа теледидар функциясымен қолдану үшін
теледидардағы Настройка соединения функцияларын орнатыңыз.
Желі > Желілік параметрлері > Настройка соединения
Ағымдағы бағдарламаны ортақ пайдалану радио, шифрланған
(көшірме жасаудан қорғалған) арналарды таңдау кезінде немесе
тарату арналары видео мен аудио шығысына тыйым салынған болса
мүмкін болмауы мүмкін.
Теледидар бағдарламасын басқа желілік жабдық арқылы көру үшін
оны толық экран режимінде көрсетеді.
Осы теледидардың мазмұны тек бір басқа құрылғымен ғана ортақ
пайдаланылады.
- 164 -