Operating Instructions

Басқа
Кейбір мүмкіндіктер үлгілердің барлығында қолжетімді бола бермейді.
Ақауды шешу үшін қызмет немесе көмекке жүгінбес бұрын мына
қарапайым нұсқауларды орындаңыз.
Ақаулық жоғалмаса, жергілікті Panasonic дилеріне көмек алу үшін
хабарласыңыз.
VIERA Link функциясы істемейді және қате туралы хабар пайда болады
Байланыстарды тексеріңіз.
Функциялар > VIERA Link “HDAVI Control™” >
VIERA Link функциясының жиынтығы
Жалғанған жабдықты іске қосыңыз, сосын теледидарды қосыңыз.
Функциялар > VIERA Link “HDAVI Control™”
Теледидар бөлшектері қызып кеткен
Теледидар бөлшектері қызып кетуі мүмкін. Температураның осылай
көтерілуі өнімділік пен сапа проблемасын білдірмейді.
Шамадан тыс тоқ қатесі туралы хабар көрінеді
Бұл қате қосылған USB құрылғысынан пайда болуы мүмкін.
Құрылғыны шығарыңыз және желілік қуатты ауыстырып қосу/өшіру
көмегімен теледидарды өшіріңіз, сонан соң оны қайтадан қосыңыз.
USB портының ішінде бөтен заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Қате туралы хабар шығады
Хабардың нұсқауларын орындаңыз.
Егер ақау сақталса, жергілікті Panasonic дилерімен немесе өкілетті
қызмет орталығымен хабарласыңыз.
- 333 -