Operating Instructions

Настройки HDMI 2.1
Кейбір мүмкіндіктер үлгілердің барлығында қолжетімді бола бермейді. Қолжетімді мәзір
элементтері ТД экранында көрсетіледі.
1. Мәзірді MENU көмегімен көрсетіңіз.
2. Установки > Настройки HDMI 2.1 параметрін таңдап, ашу үшін OK
түймешігін басыңыз.
3. Элементті орнатыңыз және сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
ALLM
(Вкл. / Выкл.)
Теледидарды автоматты түрде Игровой режим режиміне ауыстырады,
ол осы теледидарды бір терезе режимінде қолданып жатқанда, ALLM
ақпаратына сәйкес орындалады.
Автонастройка HDMI параметрі Режим1 күйіне қойылғанда жарамсыз
болады
eARC
(Вкл. / Выкл.)
eARC (Жақсартылған аудио қайтару арнасы) функциясына қолдау
көрсететін жабдық осы теледидарға жалғанған кезде, eARC функциясын
қосу үшін Вкл. күйіне орнатыңыз.
ARC (Аудио қайтару арнасы) функциясы жалғанған жабдық ARC
функциясына қолдау көрсететін кезде ғана қосылады.
Теледидарды eARC / ARC функциясы бар күшейткішке жалғау үшін
HDMI2 ұясын пайдаланыңыз.
eARC немесе HEC (HDMI Ethernet арнасы) функциясына қолдау
көрсететін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
- 67 -