Operating Instructions

3D суреттерін көру
29
3D суреттерін көру
3D көзілдірігін тағу арқылы 3D əсеріне сəйкес мазмұндары немесе бағдарламалары бар 3D суреттерін көруге
болады. Стандартты керек жарақтар” (6-бет)
Бұл теледидар [Покадровый]
1
, [Гориз.совмещенный]
2
жəне [Вертик.совмещенный]
3
3D пішімдерін қолдайды.
1: Сол жəне оң көздер үшін суреттер жоғары сапалы анықтықпен жазылатын жəне кезекпен ойнатылатын 3D
пішімі.
2,
3: Басқа қол жетімді 3D пішімдері
3D суреттерін көру (30-бет)
Абайлаңыз
3D көзілдірігін бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Əйтпесе пайдаланушы жарақат алуы немесе ауырып қалуы
мүмкін.
Сақтаныңыз
3D көзілдірігін қауіпсіз əрі ыңғайлы пайдалану үшін, мына нұсқауларды толығымен оқып шығыңыз.
3D көзілдірігі
3D көзілдірігін түсіріп алмаңыз, қыспаңыз немесе баспаңыз. Əйтпесе шыны бөлігі сынып, жарақат алуға себеп
болуы мүмкін.
3D көзілдірігін таққан кезде жақтаудың ұштарына жəне топса бөлігіне мұқият болыңыз. Бұл ескертуге назар
аудармасаңыз, жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Бұл өнімді балалар қолданған кезде аса мұқият бақылаңыз.
3D мазмұнын көру
Жарыққа аса сезімтал болсаңыз, жүрегіңіз ауырса немесе басқа сырқатыңыз болса, 3D көзілдірігін
қолданбаңыз. 3D көзілдірігін пайдалану ауру белгілерінің нашарлауына алып келуі мүмкін.
Шаршасаңыз, дімкəстік сезімі немесе басқа науқастық сезімі пайда болса, 3D көзілдірігін пайдалануды дереу
тоқтатыңыз. Мұндай жағдайда 3D көзілдірігін пайдалануды жалғастырсаңыз, ауырып қалуыңыз мүмкін.
Пайдалануды жалғастырудан бұрын тынығып алыңыз. Əсерді [Регулировка 3D] арқылы орнатқанда, 3D
суреттерінің көрінуі əр түрлі кісілер үшін өзгеше болатынын ескеріңіз.
3D көзілдірігін пайдаланғанда, байқамай теледидардың экранына немесе басқа адамдарға соқтығысып
қалмаңыз. Суреттер 3D пішімінде болғандықтан, пайдаланушы экранға дейінгі арақашықтықты қате түсініп,
экранға соғылып, жарақат алуы мүмкін.
3D көзілдірігін пайдаланғанда, көздеріңіз шамамен көлденең деңгейде болуы керек жəне қосарланған
суреттер көрінбейтін орында болыңыз.
Егер сізде миопия (алыстан көрмеушілік), гиперопия (алыстан көргіштік), астигматизм ауруы болса немесе
сол жəне оң көздеріңіздің арасында көру қабілетіңізде айырмашылық болса, түзету көзілдірігін пайдаланыңыз
немесе 3D көзілдірігін тағудан бұрын көру қабілетіңізді түзету үшін басқа əдістерді пайдаланыңыз.
3D мазмұнын көрген кезде қосарланған суреттерді таза көрсеңіз, 3D көзілдірігін қолдануды тоқтатыңыз. Ұзақ
уақыт пайдалану көздің шаршауына алып келуі мүмкін.
Экранға дейінгі арақашықтық экранның тиімді биіктігінен кемінде 3 есе артық болуы тиіс.
Ұсынылатын арақашықтық:
TX-LR32ET5: 1,2 м немесе одан алыстау
TX-LR42ET5: 1,6 м немесе одан алыстау
TX-LR47ET5: 1,8 м немесе одан алыстау
TX-LR55ET5: 2,1 м немесе одан алыстау
3D көзілдірігін ұсынылған арақашықтықтан жақынырақ жерде пайдалану көздің шаршауына алып келуі мүмкін.
3D көзілдірігін қолдану
3D көзілдірігін 3D суреттерін көруден басқа мақсаттарға пайдаланбаңыз.
3D көзілдірігін жасы 5 - 6 жастан төмен балалар пайдаланбағаны жөн. Кішкентай балалардың шаршауға
немесе қолайсыздыққа əрекет етуін бағалау қиын болғандықтан, оларды бірден ауырып қалудан қорғау қиын
болуы мүмкін. Бұл өнімді бала пайдаланып отырғанда, баланың көзі шаршамағанын бақылау мақсатында ата-
ана немесе қамқоршы адам тексеріп тұруы керек.
Егер 3D көзілдірігі шытынаған немесе сынған болса, оны қолданбаңыз. Əйтпесе жарақат алуыңыз немесе
көзіңіз шаршауы мүмкін.
Егер теріңізде өзгеріс байқасаңыз, 3D көзілдірігін пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Сирек жағдайларда, 3D
көзілдірігіне қолданылған бояу немесе материалдар аллергиялық əсер беруі мүмкін.
Ескертпе
3D көзілдірігін көруді түзету əйнектері үстінен тағуға болады.