Operating Instructions

Қауіпсіздік шаралары
4
Қауіпсіздік шаралары
Абайлаңыз
Электр шнуры мен оның ашасын қолдану
Электр ашасын розеткаға толығымен кіргізіңіз. (Егер электр шнурының ашасы бос болса, қызу пайда болып,
өрттің шығуы мүмкін.)
Электр ашасын оңай қолдануға болатынына көз жеткізіңіз.
Желілік штепсельді дымқыл қолдарыңызбен ұстамаңыз. Бұл ток соғуына əкелуі мүмкін.
Осы теледидардың ток сымынан басқа ток сымдарын пайдаланбаңыз. Өрт шығуына немесе ток соғуына
себеп болуы мүмкін.
Қуат шнурын зақымдамаңыз, зақымдалған сым өртке немесе ток соғуына əкелуі мүмкін.
Теледидарды шнуры розеткаға жалғаулы күйінде жылжытпаңыз.
Шнурға ауыр зат қоймаңыз немесе шнурды ыстық заттың жанына қоймаңыз.
Шнурын шиыршықтамаңыз, оны қатты қайырмаңыз немесе оны созбаңыз.
Шнурынан тартпаңыз. Қосқышын ажыратқан кезде шнурдың ашасынан ұстаңыз.
Зақымдалған шнур ашасын немесе розетканы пайдаланбаңыз.
Теледидардың қуат шнурын зақымдамауын қамтамасыз етіңіз.
Егер сіз қандай да бір
ақауды байқасаңыз,
электр шнурының
ашасын бірден суырып
алыңыз!
220-240 В
айнымалы ток,
50 / 60 Гц
Қуат көзі / Орнату
Бұл ТД мыналар үшін арналған:
220-240 В айнымалы ток, 50 / 60 Гц
Үстел үстінде пайдалану
Қақпақтарды ашпаңыз жəне
ЕШҚАШАН теледидарды өз бетіңізше
өзгертпеңіз
Жоғары кернеу бар компоненттер ауыр ток соғуына
əкелуі мүмкін. Артқы қақпақты алмаңыз, өйткені оны
алғанда ток жүретін бөліктер ашық қалады.
Оның ішінде пайдаланушы жөндейтін бөліктер жоқ.
Теледидарды тексертіп, реттеп немесе жергілікті
Panasonic дилеріне жөндетіп алыңыз.
Теледидарды күн көзіне тікелей жəне
басқа жылу көздеріне шығармаңыз
Теледидарды күн көзіне тікелей жəне басқа жылу
көздеріне шығармаңыз.
Өрттің алдын алу
үшін шамдарды
немесе басқа ашық
от көздерін əрқашан
теледидардан аулақ
ұстаңыз
Жаңбырдың астына немесе аса
дымқыл жерге қоймаңыз
Токтың соғуы немесе өртке алып баруы мүмкін
зақымданудың алдын алу үшін, бұл теледидарды
жаңбырдың астына немесе аса дымқыл жерге
қоймаңыз.
Бұл теледидар су тамшылайтын немесе шашырайтын
жерде жəне ішінде сұйықтық бар заттың астында
тұрмасын, мысалы құмыра теледидардың үстінде
немесе астында тұрмауы керек.
Теледидар ішіне бөтен заттар қоймаңыз
Заттардың теледидар ішіне ауа кіретін тесіктер
арқылы түсуіне жол бермеңіз, өйткені бұл өртке
немесе ток соғуына əкелуі мүмкін.
Теледидарды қиғаш немесе тұрақсыз
жерге қоймаңыз жəне теледидардың
тұғырының шетінен ілініп тұрмауын
қадағалаңыз
Теледидардың құлауы немесе аударылып түсуі мүмкін.
Тек арнаулы тұғырды / бекіту
жабдығын пайдаланыңыз
Рұқсат етілмеген негізді немесе басқа керек-
жарақтарды пайдалану теледидарды тұрақсыз
етіп, зақым келтіруі мүмкін. Жергілікті Panasonic
дилерінен орнатып беруді сұрауды ұмытпаңыз.
Рұқсат етілген негіздерді (7-бет) / Қабырғаға ілетін
кронштейнді (6-бет) пайдаланыңыз.
Балалардың SD картаны немесе қауіпті
бөліктерді ұстауына жол бермеңіз
Басқа да ұсақ заттар сияқты SD картаны балалар жұтып
қоюы мүмкін. Қолданып болғаннан кейін SD картаны
дереу алып, балалар жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Бұл өнімде қауіпті бөлшектер болады, олармен
жас балалардың байқаусызда тыныс алуы
немесе жұтып қоюы мүмкін. Бұл бөлшектерді жас
балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.