Operating Instructions

Қауіпсіздік шаралары
5
Радиотолқындар
Теледидарды медициналық мекемелерде немесе медициналық жабдықтар бар орындарда пайдалануға
болмайды. Теледидардан шығатын радиотолқындар медициналық жабдыққа кедергі келтіруі жəне дұрыс
жұмыс істемеу нəтижесінде қайғылы оқиғаларға əкелуі мүмкін.
Теледидарды қандай да бір автоматты басқару жабдығы, мысалы, автоматты есіктер немесе өрт
дабылдары жанында пайдалануға болмайды. Теледидардан шығатын радиотолқындар автоматты басқару
жабдыққа кедергі келтіруі жəне дұрыс жұмыс істемеу нəтижесінде қайғылы оқиғаларға əкелуі мүмкін.
Жүрек ынталандырғышыңыз бар болған жағдайда қашықтықты ендірілген сымсыз жергілікті желі бөлімінен
кемінде 22 см етіп ұстаңыз. Радио толқындар жүрек ынталандырғыш жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Кірістірілген сымсыз жерлігікті желіні бөлшектеуге немесе қандай да бір жолмен өзгертуге болмайды.
Сақтаныңыз
Теледидарды тазалағанда, шнурдың
ашасын алып тастаңыз
Қуат алған теледидарды тазалаудан электр тогы
соғуы мүмкін.
Теледидар ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаса, желілік штепсельді
қабырға розеткасынан алыңыз
Желілік штепсель розеткаға қосылып тұрғандықтан,
теледидар өшірулі тұрғанның өзінде аздап электр
қуатын пайдаланады.
Дауысын құлақаспаптан қатты
шығарып тыңдамаңыз
Қатты зақым келтіруі мүмкін.
Дисплей панеліне қатты күш немесе
соққы қолданбаңыз
Бұл жарақатқа əкелетін зақым келтіруі мүмкін.
Артқы ауа кіретін тесіктерді жауып
қоймаңыз
Электрондық компоненттердің істен шығуын
болдырмау үшін тиісті желдету маңызды.
Желдетуге желдету тесіктерін газеттер,
дастархандар жəне перделер сияқты заттармен жабу
арқылы кедергі жасамау керек.
Тіпті шкаф ішіне немесе сөрелер арасына
қойылғанда да, теледидардың айналасында кемінде
10 см саңылау қалдыру ұсынылады.
Негізін пайдаланған кезде, теледидардың түбі мен
теледидар орнатылатын беттің арасынан орын
қалдырыңыз.
Егер негіз пайдаланылмаса, теледидардың
астындағы желдету тесіктері бітелмегенін тексеріңіз.
Ең аз арақашықтық
10
10
10
10
(см)
Кірістірілген сымсыз жергілікті желі
Кірістірілген сымсыз жергілікті желіні пайдалану үшін қатынас нүктесін алу қажет.
Пайдалану құқықтарыңыз жоқ қандай да бір кірістірілген сымсыз жергілікті желіге (SSID
) қосылу үшін
кірістірілген сымсыз жергілікті желіні пайдалануға болмайды. Мұндай желілер іздеулер нəтиждесі ретінде тізімі
берілуі мүмкін. Алайда оларды пайдалану заңсыз кіру ретінде қарастырылуы мүмкін.
SSID беру үшін пайдаланылатын белгілі бір сымсыз желіні анықтауға арналған атау болып табылады.
Кірістірілген сымсыз жерлігікті желіні жоғары температуралар, тікелей күн сəулесі немесе ылғал əсеріне
қалдыруға болмайды.
Радиотолқындар арқылы жіберілген жəне деректер бөгелуі жəне бақылануы мүмкін.
Кірістірілген сымсыз жергілікті желі 2,4 ГГц жəне 5 ГГц жиілік диапазонын жұмсайды. Радиотолқын кедергісінен
пайда болатын ақаулықтарды болдырмау үшін, басқа кірістірілген жергілікті желіні пайдаланған кезде,
теледидарды басқа сымсыз жергілікті желі құрылғыларынан, микротолқынды пештерден, ұялы телефондардан
жəне 2,4 ГГц жəне 5 ГГц сигналдарын пайдаланатын құрылғылардан алыс ұстаңыз.
Статикалық электр тогына байланысты шу орын алған кезде т.б. теледидар құрылғыны қорғау үшін жұмысын
тоқтатуы керек. Желілік қуатты қосу / өшіру қосқышы арқылы теледидарды өшіріңіз, сонан соң оны қайтадан
қосыңыз.
Сымсыз кірістірілген жергілікті желі жəне қатынас нүктесі туралы қосымша мəліметтер келесі веб-сайтта болуы
мүмкін. (Тек ағылшын тілінде)
http://panasonic.jp/support/global/cs/tv/