Operating Instructions

Желілік қызметтерді пайдалану (DLNA / VIERA Connect)
64
Желілік қызметтерді пайдалану
(DLNA / VIERA Connect)
DLNA
®
Бұл теледидар DLNA Certified™ өнімі болып табылады.
DLNA (Digital Living Network Alliance) — DLNA Certified алған сандық электрондық құрылғыларды үй желісінде оңай
əрі қолайлы пайдалану мүмкіндігін беретін стандарт. Қосымша ақпарат алу үшін www.dlna.org сайтын қараңыз.
Ол үй желісіне қосылған DLNA Certified медиа серверінде (мысалы, Windows 7 жүйесі орнатылған компьютер,
т.б.) сақталған фотосуреттерді, бейнелерді (соның ішінде 3D суреттерін) жəне музыканы ортақ пайдалануға
жəне мазмұнды теледидар экранында көруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ол теледидарды үй желісіне қосылған DLNA Certified бар құрылғы арқылы басқаруға мүмкіндік
береді. (DLNA қашықтан басқару)
Қолдау көрсетілетін файл пішімі үшін (86, 87-бет)
Бұл теледидардың DLNA функциялары AVCHD жəне DivX файлдарын қолдамайды, бірақ оларды медиа
ойнатқыш арқылы ойнатуға болады (55-бет).
Медиа сервер
Фотоларды, бейнелерді немесе музыканы DLNA Certified медиа серверге сақтаңыз, содан кейін оларды
теледидардан көруіңізге болады.
Компьютерді медиа сервер ретінде пайдалану
Windows 7 жүйесі бар компьютерді дайындаңыз немесе сервер бағдарламалық құралының компьютерге
орнатылуын қамтамасыз етіңіз.
“Windows 7” жəне “TwonkyMedia server 6 (Windows 7, Windows Vista немесе Windows XP жүйесі бар
компьютерге орнатылған)” осы теледидармен үйлесімділігі тексерілген серверлік бағдарламалық құрал
болып табылады (қаңтар, 2011 жыл). Бұл теледидармен басқа ешқандай серверлік бағдарламалық құрал
тексерілген жоқ, сондықтан үйлесімдік пен өнімділікке кепілдік берілмейді.
Windows 7
Windows 7 жүйесінің үй тобы параметрлеріне арналған орнату қажет. Толық мəлімет алу үшін Windows 7
жүйесінің көмек функциясын қараңыз.
TwonkyMedia server
“TwonkyMedia server” PacketVideo корпорациясының өнімі болып табылады.
“TwonkyMedia server” өнімін орнатуға жəне реттеуге арналған Орнату нұсқаулығын алу үшін TwonkyMedia
веб-сайтына кіріңіз.
Серверлік бағдарламалық құрал алу үшін қосымша ақы алынуы мүмкін.
Ескертпе
Серверлік бағдарламалық құрал туралы толық ақпарат алу үшін бағдарламалық құрал компаниясына
хабарласыңыз.
Медиа серверге арналған серверлік бағдарламалық құралы компьютерге орнатылған кезде деректерге
басқа адамдардың кіру қаупі болады. Маршрутизатор пайдаланбаған кезде кеңседегі, қонақ үйдегі, тіпті
үйдегі желі ортасына қатысты параметрлер мен қосылымдарға мұқият болыңыз.
DLNA қашықтан басқару
Теледидарды DLNA Certified бар құрылғы арқылы басқаруға болады.
Бұл функцияны пайдалану үшін [Настройка соединения] параметрін орнатыңыз. (66-бет)
“Windows 7” осы теледидармен үйлесімділігі тексерілген операциялық жүйе болып табылады (қаңтар, 2011
жыл). Толық мəлімет алу үшін Windows 7 жүйесінің көмек функцияларын қараңыз.
Желілік қосылым
“1-мысал”, “2-мысал” (65-бет)
Желіні орнату
(66 - 69-бет)
DLNA əрекеттері
(70 - 73-бет)
VIERA Connect
VIERA Connect Panasonic компаниясына бірегей болатын интернет қызметтеріне арналған шлюз болып табылады.
VIERA Connect шлюзы Panasonic компаниясы қолдайтын кейбір арнайы веб-тораптарға кіруге жəне VIERA Connect
бастапқы экранынан фотосуреттер, бейнелер, ойындар сияқты интернет мазмұнын тамашалауға мүмкіндік береді.
Бұл теледидар веб-браузер функцияларын толығымен қолдамайды жəне веб-сайттардың кейбір мүмкіндіктері
қол жетімді болмауы мүмкін.
Желілік қосылым
“1-мысал”, “3-мысал” (65-бет)
Желіні орнату
(66 - 69-бет)
VIERA Connect операциялары
(18, 73-бет)