Operating Instructions

Жиі қойылатын сұрақтар
95
Ақаулық Себептер / Əрекеттер
Желі
Желіге қосылу мүмкін
емес
Жергілікті желі кабелінің немесе сымсыз жергілікті желінің дұрыс
қосылғандығын тексеріңіз.
(65-бет)
Қосылымдар мен параметрлерді тексеріңіз. (65 - 69-бет)
Желі жабдығын жəне желі ортасын тексеріңіз.
Маршрутизатор IP мекенжайын автоматты түрде беретін етіп орнатылмауы
мүмкін. Егер желілік əкімші IP мекенжайын беруді қаласа, IP мекенжайын
қолмен орнатыңыз. (67-бет)
Маршрутизатор MAC мекенжайларын сүзгілеуді пайдалануы мүмкін
(қауіпсіздік параметрі).
Осы теледидардың MAC мекенжайын растаңыз (39-бет) жəне оны
пайдалану үшін маршрутизатор орнатыңыз.
Егер ақаулық қайталанса, интернет қызметінің провайдеріне немесе
телекоммуникация ұйымына хабарласыңыз.
DLNA əрекеттері кезінде
файлды таңдау мүмкін
емес
Қосылған жабдықтың мультимедиа сервері дайын ба? (64-бет)
Жарамды деректер пішімін тексеріңіз. (86, 87-бет)
VIERA Connect
пайдалану мүмкін емес
Қосылымдар мен параметрлерді тексеріңіз. (65 - 69-бет)
Сервер немесе жалғанған линия бос емес болуы мүмкін.
Басқа
Теледидар қосылмайды
Қуат сымының теледидар мен разеткаға қосылғанын тексеріңіз.
Теледидар күту режиміне
өтеді
Автоматты қуат сақтау функциясы іске қосылған. (10-бет)
Теледидар аналогтық тарату аяқталғаннан кейін 30 минуттан кейін күту
режиміне өтеді.
Қашықтан басқару пульті
істемейді
Батареялар дұрыс салынған ба? (7-бет)
Теледидар қосылды ма?
Батареялардың қуаты азаюы мүмкін. Оларды ауыстырыңыз.
Қашықтан басқару пультін теледидардың дəл алдына бағыттаңыз
(теледидардың алдынан 30 градус бұрышпен 7 м қашықтықтан асырмай).
Теледидардың қашықтан басқару пульті сигналынын қабылдағышына
кедерге етпеуі үшін теледидарды күн сəулесі немесе өзге да қатты жарық
көздерінен алшақ орнатыңыз.
Теледидар бөлшектері
қызып кеткен
Алдыңғы, жоғары жəне артқы тақта бөлшектерінің температурасы
көтерілсе де, мұндай температураның жоғарылуы өнімділік сапасына
ешқандай кедергі келтірілмейді.
Саусақпен итергенде
СКД панель аздап
жылжиды
Тарсылдаған дыбыс
естілуі мүмкін
Панельдің зақымдалуын болдырмау үшін панельдің айналасында біраз
икемділік болады.
Саусақпен итергенде панель аздап жылжуы мүмкін жəне тарсылдаған
дыбыс естілуі мүмкін. Бұл ақауға жатпайды.
Шамадан тыс ток қатесі
туралы хабар көрінеді
Бұл қате қосылған USB құрылғысынан пайда болуы мүмкін. Құрылғыны
шығарыңыз жəне желілік қуатты қосу / өшіру қосқышы арқылы
теледидарды өшіріңіз, сонан соң оны қайтадан қосыңыз.
USB портының ішінде бөтен заттардың бар екенін тексеріңіз.
Қате туралы хабар
шығады
Хабардың нұсқауларын орындаңыз.
Егер ақау сақталса, жергілікті Panasonic дилерімен немесе өкілетті қызмет
орталығымен хабарласыңыз.