Operating instructions

- 149 -
Оңай ойнату
Автоматты кірісті қосу - Жалғанған жабдық іске қосылған кезде, кіріс
режимі автоматты түрде қосылады.
Совместное вкл.
Бұл функцияны қолдану үшін, Совместное вкл. параметрін “Орнату”
мәзірінде Вкл. мәніне орнатыңыз.
Параметрлер Установки Установки VIERA Link
Жалғанған жабдық ойнатуды бастаған кезде немесе жабдықтың тікелей
навигаторы / функция мәзірі белсенді болған кезде, теледидар автоматты
түрде іске қосылады. (Теледидар күту режимінде болған кезде ғана.)
Совместное выкл.
Бұл функцияны қолдану үшін, Совместное выкл. параметрін “Орнату”
мәзірінде Вкл. мәніне орнатыңыз.
Параметрлер Установки Установки VIERA Link
Теледидар күту режимінде болған кезде, жалғанған жабдық та өздігінен
күту режиміне ауысады.
Бұл функция автоматты қуат сақтау функциясы арқылы теледидар
күту режиміне өтсе де, жұмыс істейді.
Эконом. режим ожидания
Бұл функцияны қолдану үшін, Эконом. режим ожидания параметрін
“Орнату” мәзірінде Вкл. мәніне орнатыңыз.
Параметрлер Установки Установки VIERA Link
Күту режиміндегі қосылған жабдықтың тұтынылатын қуаты теледидардың
қосу / өшіру күйімен синхрондауға байланысты көптеу немесе аздау
етіліп бақыланады.
Теледидар күту режиміне орнатылған кезде, жалғанған жабдық өздігінен
күту режиміне ауысады және жалғанған жабдықтың күту режимінде
тұтынатын энергиясы өздігінен азаяды.
Теледидар қосулы кезде, жалғанған жабдық әлі де күту режимінде
болады, бірақ қосуды жылдамдату үшін қуатты тұтыну мөлшері көбейеді.
Бұл функция жалғанған жабдық тұтынылатын энергияны күту
режиміне ауыстыра алса және жоғары мөлшерлі тұтыну деңгейіне
орнатылған болса тиімді болып табылады.
Бұл функция Совместное выкл. режимі Вкл. күйіне қойылғанда жұмыс
істейді.