Operating instructions

- 195 -
Аналогты теледидар
Ақауды шешу үшін қызмет немесе көмекке жүгінбес бұрын мына
қарапайым нұсқауларды орындаңыз.
Ақаулық жоғалмаса, жергілікті Panasonic дилеріне көмек алу үшін
хабарласыңыз.
Ақ нүктелердің немесе көлеңкелі кескіндердің пайда болуы / Кейбір
каналдарды баптау мүмкін емес
Антеннаның орнын, бағытын және қосылымын тексеріңіз.
Ауа-райы жағдайлары сигналдың қабылдануына (қатты жаңбыр, қар,
т.б.), әсіресе, нашар қабылданатын аймақтарда әсер етеді. Ауа-райы
жақсы болғанның өзінде жоғары қысым кейбір арналардың нашар
қабылдануына әкелуі мүмкін.
Желілік қуатты қосу / өшіру қосқышын өшіру арқылы теледидарды
өшіріңіз де, оны қайта қосыңыз.
Егер ақау сақталса, қызметтердің қол жетімділігі туралы жергілікті
дилерден немесе қызмет жеткізушісінен сұраңыз.
Теледидар нұсқаушысында бағдарламалар жоқ
Антенна бағытын жанынан орнатылған басқа таратқышқа түзетіңіз.
Аналогтық таратуды тексеру. Егер кескін сапасы нашар болса,
антеннаны тексеріп, жергілікті дилерден кеңес алыңыз.