Operating instructions

- 202 -
Қызмет көрсету
Күту мен тазалау
Алдымен шнурдың ашасын розеткадан ажыратыңыз.
Дисплей панелі, корпус, негіз
Үнемі қадағалап отырыңыз:
Панель дисплейі, корпус және негіздің бетін абайлап жұмсақ
шүберекпен шаңды немесе саусақ іздерін тазалап сүртіңіз.
Дақтарды кетіру үшін:
Алдымен бетіндегі щаңнан тазалаңыз. Жұмсақ шүберекті таза
сумен немесе сұйытылған жұмсақ детергентпен (судың 100 бөлігіне
детергенттің 1 бөлігі) сулаңыз. Шүберекті сығып, бетін сүртіңіз.
Осыдан кейін аппарат бетін құрғақ таза шүберекпен қайта сүртіңіз.
= Назар аударыңыз =
Қатты шүберекті пайдалануға немесе бетін қатты ысқылауға
болмайды, керісінше жағдайда бұл бетіне сызаттар түсіруі мүмкін.
Теледидар бетіне су не химиялық тазартқыштар тигізбеңіз.
ледидардағы сұйықтық өнімнің ақаулығына алып келуі мүмкін.
Бетіне жәндікке қарсы, езгіш, ерітінді немесе басқа ұшатын заттарды
жақындатпаңыз. Бұл аппарат сыртының сапасын нашарлатуы не
бояуын кетіріп жіберуі мүмкін.
Дисплей панелінің бетіне арнайы күтім керек және тез зақымдалуы
мүмкін. Дисплей бетін тырнағыңызбен не басқа өткір затпен
тырнамаңыз.
Корпусы мен негізіне резеңке немесе поливинхлоридті заттың ұзақ
уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл аппарат сыртының сапасын
нашарлатуы мүмкін.
Шнур ашасы
Шнурдың ашасын құрғақ шүберекпен уақытылы сүртіп тұрыңыз.
Дымқыл мен шаң өрттің шығуына немесе ток соғуға себеп болуы
мүмкін.