Operating instructions

- 205 -
Қабырғаға ілетін кронштейн
Қабырғаға ілетін кронштейн
Ұсынылған қабырғаға ілетін кронштейнді сатып алу үшін жергілікті
Panasonic дилеріне хабарласыңыз.
= Ескерту =
Басқа қабырғаға ілетін кронштейнді пайдалану немесе қабырғаға
ілетін кронштейнді өзіңіз орнату жарақат пен бұйымның бүлінуіне
әкелуі мүмкін. Жабдықтың өнімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін қабырғаға ілетін кронштейндерді дилеріңізден немесе
лицензиясы бар мердігерден сұраңыз. Білікті орнатушы мамансыз
орнатқанда келтірілген зақым кепілдігіңізді жарамсыз етеді.
Тұғырды орнатуға байланысты нұсқауларды мұқият оқыңыз және
теледидардың құлап кетпеуі үшін шаралар қолданыңыз.
Теледидарды орнату кезінде дұрыс тасымалдаңыз, себебі соққы
немесе басқа әрекеттер жабдықтың зақымдануына әкеп соғады.
Кронштейндерді абайлап бекітіңіз. Әрдайым кронштейнді бекітпестен
бұрын қабырғада электр сымдары немесе құбырлары жоқ екенін
тексеріңіз.
Жарақаттану және құлаудың алдын алу үшін теледидарды ұзақ уақыт
бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оны тұғырдан шешіп алыңыз.