Operating instructions

- 84 -
DMC (сандық мультимедиа контроллері) желілік
құрылғысы арқылы осы теледидардағы ортақ
пайдаланылатын мазмұндарды ойнату
Үй желісіне қосылған DMC желілік құрылғысымен (смартфон, Windows 7 /
Windows 8 амалдық жүйесі орнатылған компьютер, т.б.) басқару арқылы
мультимедиа серверінде сақталған мазмұндарды тамашалауға болады.
Осы функцияны смартфонда немесе Windows 7 / Windows 8 амалдық
жүйесінде пайдалану үшін теледидардағы Настр. прил. TV Remote
параметрін орнатыңыз.
Үй желісі Желілік параметрлері Настр. прил. TV Remote
VIERA қызметін смартфонда басқару үшін бағдарламаны орнату
қажет. Бағдарлама туралы қосымша мәлімет алу үшін (тек
ағылшынша):
http://panasonic.net/viera/support
Жұмысы туралы мәлімет алу үшін бағдарламаның қолдау көрсету
туралы ақпаратын қараңыз.
“Windows 7 / Windows 8” осы теледидармен үйлесімділігі тексерілген
амалдық жүйе болып табылады (қараша, 2012 жыл). Әрекеттер
туралы мәлімет алу үшін Windows 7 / Windows 8 жүйесінің көмек
функциясын қараңыз.