Operating instructions

Желілік қызметтерді пайдалану (DLNA / VIERA Connect)
70
Желілік қосылымдар
Тек DLNA мүмкіндіктерін пайдалану үшін кең ауқымды желілік орта көмегінсіз мүмкіндіктерді басқаруыңызға
болады.
VIERA Connect мүмкіндіктерін пайдалану үшін кең ауқымды желілік орта қажет.
Егер кең ауқымды желі қызметтері болмаса, көмек үшін сатушыға хабарласыңыз.
Желілік ортаға арналған қажетті жабдықты орнатыңыз жəне қосыңыз. Бұл теледидарда жабдық орнатуларын
орындай алмайсыз. Жабдықтың нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Қажетті жылдамдық (тиімді): SD үшін кемінде 1,5 Кбит/с жəне HD сурет сапасы үшін 6 Кбит/с. Егер
тасымалдау жылдамдығы жеткілікті болмаса, мазмұн дұрыс ойналмауы мүмкін.
1-мысал
(DLNA жəне VIERA Connect үшін)
Қатынас нүктесі
LAN кабелі
Сымды қосылым
Сымсыз байланыс
Модем
Хаб немесе
Mаршрутизатор
DLNA Certified
медиа сервері
(мысалы, компьютер,
т.б.)
Сымсыз жергілікті желі адаптері жəне
ұзартқыш кабель
Қосымша керек жарақтар” (6-бет)
USB 1, 2 немесе 3 портына қосыңыз.
Интернет
Бұл қосылым үшін жергілікті желі тікелей кабелін пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
Егер модемде кең ауқымды маршрутизатор функциясы болмаса, кең ауқымды маршрутизаторды
пайдаланыңыз.
Егер модемде кең ауқымды маршрутизатор болғанымен, бос порттар болмаса, хабты пайдаланыңыз.
Кең ауқымды маршрутизаторлар мен хабтар 10BASE-T / 100BASE-TX пішімімен үйлесімді екеніне көз
жеткізіңіз.
Егер тек 100BASE-TX пішіміне үйлесімді жабдықтарды пайдаланатын болсаңыз, 5-санатты жергілікті желі
кабельдері қажет болады.
2-мысал
(DLNA үшін)
DLNA мүмкіндіктерін пайдалану үшін теледидар мен жабдықты тікелей қоса аласыз.
LAN кабелі
DLNA Certified
медиа сервері
(мысалы, компьютер, т.б.)
Бұл қосылым үшін жергілікті желімен қиылысатын тікелей кабелін пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
3-мысал
(VIERA Connect үшін)
VIERA Connect мүмкіндіктерін пайдалану үшін теледидар мен телекоммуникациялық жабдықты тікелей қоса
аласыз.
Интернет
LAN кабелі
Ескертпе
Желілік жабдыққа қатысты қосымша көмек алу үшін Интернет қызметтерінің провайдері (ISP)
телекоммуникациялық компаниясына хабарласыңыз.
Интернет қызметтерінің провайдерімен (ISP) немесе телекоммуникациялық компаниямен жасаған келісім-
шарттардың шарттары мен талаптарын растаңыз. Келісім-шарттарға байланысты қосымша ақылар алынуы
мүмкін немесе интернетке бірнеше қосылым мүмкін емес болуы мүмкін.