Baby Monitor User Manual

Нәресте бөлігі дыбыс ұстамаса, ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгей жарықтары сөніп
тұрады (Cурет 21).
Нәресте бөлігі дыбыс ұстаса, ата-аналар бөлігіндегі бір немесе одан да көп дауыс
деңгей жарықтары жанады. Дыбыс қаттырық шыққан сайын көбірек жарық жанады.

1 Түнгі жарықты жағу үшін, нәресте бөлігіндегі түнгі жарық түймесін Q сәл ғана басыңыз.
(Cурет 22)
2 Түнгі жарықты сөндіру үшін, түнгі жарық түймесін Q тағы бір рет сәл ғана басыңыз.
Түнгі жарық жәймен түнеріп, толығымен сөнеді.
Есте сақтаңыз: Егер сіз түнгі жарық түймесін Q тым ұзақ басып қалсаңыз, онда түнгі жарық
жанбайды немесе сөнбейді.
Кеңес: Егер сіз нәресте бөлігін батареядан жұмыс жасатып жатқан болсаңыз, онда түнгі
жарықты сөндіріп қойыңыз. Бұл қуатты үнемдейді!

Егер сіз ата аналар бөлігін жоғалтып алсаңыз, және ол сөндірулі тұрған болса, онда сіз нәресте
бөлігіндегі PAGE (пейджер) түймесін қолданып, ата аналар бөлігін тауып алуыңызға болады.
1 Нәресте бөлігіндегі PAGE (пейджер) түймесін сәл ғана басыңыз (Cурет 23).
Ата-аналар бөлігі автоматты түрде орташа дауыс деңгейіне орнатылып, пейджинг
ескерту дыбысын шығарады.
2 Пейджинг ескерту дыбысын сөндіру үшін, PAGE (пейджер) түймесін тағы да сәл ғана
басыңыз немесе ата аналар бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз.
Есте сақтаңыз: Егер сіз PAGE (пейджер) түймесін тым ұзақ басып қалсаңыз, онда ата аналар
бөлігі пейджинг ескерту дыбысын шығармайды.

Егер ата аналар бөлігіндегі батареялар толығымен зарядталған болса, онда сіз үй ішінде немесе
үй айналасында жүргенде бөлікті өзіңізбен бірге алуыңызға болады. Ол үшін сіз бөлікті белдік
қыстырмасымен белдігіңізге немесе беліңізге қыстырып алыңыз немесе оны мойныңызға
мойын белдігімен айналдырып іліп алуыңызға болады. Бұл сізге қозғалып жүрген кезде де
нәрестеңізді бақылау мүмкіндігін береді.

1 Белдік қыстырғышының артындағы кішкене инені ата аналар бөлігінің артындағы
тесікшеге енгізіңіз (1). Белдік қыстырмасын солға бұраңыз (2), ол «сырт» етіп бекітіледі
(Cурет 24).

1 Белдік қыстырмасын оңға қарай бұрап (1), оны тесікшеден шығарыңыз (2) (Cурет 25).

1 Мойын белдігінің ұшындағы кішкене инені ата аналар бөлігінің артындағы тесікшеге
енгізіңіз (1). Мойын белдігін солға бұраңыз (2), ол «сырт» етіп бекітіледі (Cурет 26).

1 Мойын белдігін оңға бұраңыз, енді оны тесікшеден суырып алыңыз (2) (Cурет 27).
,
,
,
,
66