Register your product and get support at www.philips.
Мазмұндар кестесі 1 2 3 4 5 KK Маңызды ақпарат 3 Қауіпсіздік Күтім Заңды Тұрақтылық Анықтама және қолдау 3 5 6 8 10 Теледидарды пайдалану 11 Теледидардың басқару элементтері ТД көру Бағдарламалық нұсқаулықты көру Мультимедиа файлдарын ойнату Smart TV Өзара белсенді ТД 11 13 18 19 23 25 Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін пайдалану 26 Теледидарды кідірту Телешоуларды жазу Skype™ қызметін пайдалану Ойындар ойнату Телемәтінді көру Блоктау мен таймерлерді орнату 26 28 30 35 36 37 Теледидар пар
Қауіпсіздік Сақтандыру шаралары Теледидарды пайдаланардың алдында барлық нұсқауларды оқып, түсініп алыңыз. Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық туындаса, кепілдік қолданылмайды. Электр тоғының соғу немесе өрт шығу қаупі бар! Теледидарды жаңбырға немесе суға шығармаңыз. Теледидардың жанына ваза сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды қоймаңыз. Егер сұйықтық теледидардың үстіне немесе ішіне төгілсе, теледидарды қуат розеткасынан бірден ажыратыңыз.
Теледидарды ток көзіне қосардың алдында, электр кернеуінің теледидар артындағы мәнге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Егер кернеу басқа болса, теледидарды ешқашан ток көзіне қоспаңыз. Осы өнімнің бөлшектері әйнектен жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Экран Теледидардың экранына зақым келу қаупі бар! Ешқашан экранды ұстамаңыз, баспаңыз, ысқыламаңыз немесе кез келген нысанмен қырмаңыз. Тазалау алдында теледидардың шнурын ажыратыңыз. Теледидар мен жақтауын жұмсақ, әрі дымқыл шүберекпен тазалаңыз және жайлап сүртіңіз. Ешқашан алкоголь, химиялық заттар немесе тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды теледидарға пайдаланбаңыз. Сызылуын және түсінің кетуін болдырмау үшін, мүмкідігінше су тамшыларымен сүртіп тұрыңыз.
Заңды Ескерту 2013 © TP Vision Netherlands B.V. Барлық құқықтары қорғалған. Техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі. Сауда белгілері Koninklijke Philips Electronics N.V компаниясының немесе қатысты иеленушілерінің меншігі болып табылады. TP Vision Netherlands B.V. кез келген уақытта сәйкесінше жабдықтарын ертерек реттеу міндетінсіз өнімдерді өзгерту құқығын өзінде қалдырады. Бұл нұсқаулықтағы материал жүйені дұрыс пайдалануға жеткілікті деп саналады.
Ашық көз Бұл өнім құрамында ашық көз лицензиясы бойынша лицензияланған бағдарламалық құрал бар. Мақұлдау және лицензия мәтіндерін өнім ішіндегі электрондық нұсқаулықтан қараңыз. TP Vision Netherlands B.V. компаниясы осы құжатпен авторлық құқықтармен қорғалған берілген өнімде пайдаланылатын ашық бастапқы бағдарламалар пакеттеріне тиесілі толық ресурстық кодтың көшірмесін сұрау бойынша ұсынады. Бұл ұсыныс тиісті лицензиялармен сұралады.
Сапалы мазмұнды қоса DivX® бейнесін HD 1080p ажыратымдылығына дейін ойнату үшін DivX Certified® куәлігі берілген. DIVX VIDEO ТУРАЛЫ: DivX® дегеніміз Rovi корпорациясының филиалы DivX ЖШС жасаған сандақ бейне пішімі болып табылады. Бұл DivX бейнесін ойнататын ресми DivX Certified® құрылғысы. Файлдарды DivX бейнелеріне түрлендіру үшін divx.com сайтына кіріңіз. DIVX VIDEO-ON-DEMAND ТУРАЛЫ: Бұл DivX Certified® құрылғысы сатып алынған DivX Video-on-Demand (VOD) фильмдерін ойнату үшін тіркелуі керек.
Белсенді емес құрылғыларды өшіру: Қосылған белсенді емес EasyLink HDMI-CEC (тұтынушыға арналған электрондық басқару құралы) үйлесімді құрылғыларын өшіреді. Теледидарды көріп отырған кезде, Жасыл түсті түйме түймесін басып, [Әрекетсіз құрылғылар өшірулі] опциясын таңдаңыз. Қуатты басқару: жетілдірілген қуатты басқару мүмкіндігі осы теледидармен жұмсалатын қуатты үнемдеуге көмектеседі.
Анықтама және қолдау Анықтаманы пайдалану Экрандағы [Анықт.] мәзіріне кіру үшін, Көк түсті түйме түймесін басыңыз. [Анықт.] мәзірінен шығу үшін түймесін басыңыз. Philips веб-торабына кіру Қажетті нәрсені экрандағы [Анықт.] арқылы таба алмасаңыз, Philips компаниясының тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету веб-торабына, яғни www.philips.com/support, кіріңіз.
Сенсорлар және көрсеткіштер Қазақ 2 Теледидарды пайдалану Теледидардың басқару элементтері Артқы басқару элементтері 1. Күту режимі көрсеткіші және қашықтықтан басқару пультінің сенсоры Күту ЖШД теледидар күту режимінде тұрғанын көрсетеді. Қашықтан басқару пультін сенсорға қарай бағыттаңыз. Қашықтан басқару пульті мен теледидар арасындағы жолда кедергінің жоқтығын тексеріңіз. 1. (Күту режимі): Теледидарды қосады немесе өшіреді. 2. CH +/-: келесі немесе алдыңғы арнаға ауыстыру. 3.
6. (Бастапқы): Home (Басты) мәзіріне өту. 7. OK: енгізуді немесе таңдауды растау. 8. SMART TV: Smart TV мүмкіндіктеріне кіру. 9. (Жылжу түймелері): Мәзірлерді шарлау және элементтерді таңдау. 10. LIST: ТД арналар тізіміне кіру. 11. FORMAT: Бейне көзіне сәйкестендіру үшін, сурет форматын өзгерту. 12. INFO: ағымдағы әрекет туралы мәліметтерді көрсету. 13. OPTIONS: Ағымдағы қол жетімді параметрлерді, суретті және дыбыс мәзірлерін ашу. 14. (Арты): Алдыңғы мәзір бетіне қайтып оралу немесе ТД функциясынан шығу.
ТД көру Сондай-ақ, HDMI-CEC мүмкіндігі қосылған құрылғыларды экрандағы қашықтан басқару пульті арқылы қол жетімді болатын басқа түймелермен басқаруға болады. Қосылғаннан кейін Easylink қосулы екенін тексеріңіз. Easylink туралы қосымша ақпаратты Теледидарды қосу > Easylink құрылғыларын орнату > Құрылғыларды басқару (Бет 67) бөлімінен оқыңыз. Экрандағы қашықтан басқару пультін ашу үшін 1. Қосылған құрылғыны көріп отырғаныңызда, OPTIONS түймесін басыңыз. 2.
Теледидарды өшіру Теледидардағы түймесін басыңыз. Күту ЖШД өшірулі күйге ауысады. Ескертпе. Теледидар күту режимінде болғанда не өшіп тұрғанда аз мөлшерде қуат тұтынса да, ол біраз қуат жұмсайды. Теледидарды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны негізгі қуат көзінен суырып алыңыз. Автоматты өшіру Әдепкі бойынша қосылатын осы теледидардың энергияны үнемдеу параметрлерімен энергияны үнемдей аласыз.
Қашықтан басқару пультіндегі не теледидардағы CH +/- үймесін басыңыз. Арна нөмірін енгізу үшін қашықтан басқару пультінде Санды түймелер түймесін басыңыз. Таңдаулы арналарды басқару Барлық арналарды немесе тек сүйікті арналар тізімін ғана қарауыңызға болады. Сүйікті арналар тізімін жасау 1. LIST түймесін басыңыз. Арналар тізімі көрсетіледі. 2. Таңдаулы деп белгілеу үшін арнаны таңдап, OPTIONS түймесін басыңыз. 3. [Таңдаулыларды қосу/жою] таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Арналардың атауларын өзгерту Арнаны таңдағанда, оның атауы пайда болады. Бұл арна атауын өзгертуге болады. 1. Теледидарды көріп отырған кезде LIST түймесін басыңыз. Арналар тізімі көрсетіледі. 2. Атауы өзгертілетін арнаны таңдап, OPTIONS параметрін таңдаңыз. 3. [Ат өзг.] таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. Экрандағы пернетақта көрсетіледі. 4. Әрбір таңбаны таңдау үшін, Жылжу түймелері , одан кейін OK түймелерін басыңыз. 5. Аяқтаған соң, [Дайын] параметрін таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
Теледидар алдын ала анықталған сурет және дыбыс параметрлерімен келеді. Осы параметрлерді қолдануға немесе теңшеуге болады. Қалаған сурет параметрін таңдау 1. Теледидарды көріп отырған кезде OPTIONS түймесін басыңыз. 2. [Сурет және дыбыс] > [Сурет мәнері] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. Опцияны таңдап, OK түймесін басыңыз: [Жеке]: жеке сурет параметрлерін қолдану. [Жарқын]: күндіз көруге ең қолайлы толыққанды әрі динамикалық параметрлер. [Табиғи]: табиғи сурет параметрлері.
Бағдарламалық нұсқаулықты көру Не істеуге болады NonPublish Хабар таратушылар берген бағдарлама нұсқаулықтарын пайдаланып сандық телеарналардың арна кестелерін және бағдарлама синопсистерін қарай аласыз. Бағдарлама нұсқаулығының қол жетімділігі хабар таратушыға байланысты болады.
Ескертпе. Бағдарламалық нұсқауды алғаш рет қарап отырсаңыз, нұсқаулықты жаңарту үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Интернеттегі бағдарлама нұсқаулығын теңшеу Бағд. нұсқаулықты келесі әрекеттерді орындау үшін қолдануға болады: Бағдарламалардың жазбаларын жоспарлау. Теледидардыҝ қосымша мҟ мкіндіктерін пайдалану > Телешоуларды жазу > Жазбаларды жоспарлау (Бет 29) бөлімін қараңыз. Арналарды анықтау. Дисплей күнін таңдау. Бағдарлама нұсқаулығының мәліметтеріне қайта жүктеу немесе масштабтау.
Желіні орнату 1. Теледидар мен компьютерді бір үй желісіне қосыңыз. Теледидарды қосу > Желіге және Интернетке қосу (Бет 69) бөлімін қараңыз. 2. Компьютер мен маршрутизаторды қосыңыз. Ескертпе: Сыртқы электр ақауларына (мысалы, электростатикалық разряд) байланысты құрылғы DLNA режиміне қайтпаса, пайдаланушының араласуы қажет болады. Медиа файлын ортақ пайдалану мүмкіндігін орнату 1. Медиа файлдарын ортақ пайдалану үшін, компьютерде медиа серверін орнатыңыз.
Бейнені көру 1. Жоғарғы жолақтан параметрін таңдаңыз. 2. Бейнені таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. Қосымша: Қалтадағы барлық бейнелерді ойнату үшін бейнені, одан кейін [Барлығын ойнату] параметрін таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы бейнеге өту үшін CH+ немесе CH - түймесін басыңыз. Бейнені кідірту үшін OK түймесін басыңыз. Ойнатуды жалғастыру үшін OK түймесін қайтадан басыңыз. 10 секунд алға немесе артқа өту үшін немесе түймесін басыңыз. Алға не артқа қарай іздеу үшін, не түймесін басыңыз.
Ескертпе: Ән туралы ақпаратты (мысалы, атау, әнші немесе ұзақтық) қарау үшін әнді таңдап, INFO түймесін басыңыз. Ақпаратты жасыру үшін INFO түймесін қайтадан басыңыз. Суреттерді көру 1. Жоғарғы жолақтан параметрін таңдаңыз. 2. Фотосурет нобайын таңдап, OK түймесін басыңыз. Слайд көрсетілімін бастау Қалтада көп фотосурет болса, фотосуретті, одан кейін [Слайд көрсетілімі] параметрін таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы фотосуретке өту үшін CH+ немесе CH - түймесін басыңыз.
Не істеуге болады NonPublish Интернет бағдарламаларымен, яғни теледидар үшін арнайы орнатылған интернет веб-тораптар арқылы келесі мүмкіндіктерді және т.б. қолдануға болады: Газет тақырыптарын оқу Бейнелерді көру және жалға алу Ауа райы болжамын тексеру Өткізіп алған ТД бағдарламаларды көру Smart TV қызметтері туралы қосымша ақпаратты Smart TV форумының веб-торабынан табыңыз: www.supportforum.philips.com. Ескертпе: Smart TV қызметтері мен бағдарламалары елге байланысты әр түрлі болады.
Smart TV қолданбаларына кіру Бағдарламаларға Smart TV негізгі бетінен кіруге болады. Бұл беттегі белгішелер ТД орнатылған бағдарламаларды көрсетеді. Қолданбаға кіру үшін қолданбаны таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз. Бағдарламалар қосу 1. [App галереясы] опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. 2. Қолданбаны таңдап, оны басты экранға қосу үшін OK түймесін басыңыз. 3. Қолданбаны қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Кеңестер: Басқа елдерде қол жетімді бағдарламаларды іздеуге болады.
3. Дүкенді таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз. Бейне дүкенінің белгішесі басты бетке қосылады. 4. Дүкенге кіру үшін, оның белгішесін таңдап, OK түймесін басыңыз. Бейнені жалға алу Бейнені жалға алу және көру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 1. Бейнелер дүкені бағдарламасын ашыңыз. Тіркелу немесе пайдаланушы мәліметтерін енгізу қажет болуы мүмкін. 2. Бейнені таңдаңыз. 3. Желі арқылы төлем жасаңыз. 4. Бейнені көруді бастаңыз.
3 Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін пайдалану Теледидарды кідірту Не істеуге болады Сандық арнаны көріп отырғанда, қоңырауға жауап беру не үзіліс жасау үшін бағдарламаны кідіртуге болады. Таратылым теледидарға жалғанған USB қатты дискісіне сақталады. Бағдарламаны кез келген уақытта қайта ойнатуға болады. Ескертпе: Бағдарламаны көп дегенде 90 минутқа кідіртуге болады. Қажетті әрекеттер KK Сандық арналарды қабылдау үшін теледидарды баптаңыз.
1. USB қатты дискісін тікелей теледидарға қосыңыз, не болмаса келешекте басқа USB құрылғыларын қосатын болсаңыз, USB қатты дискісін USB хабы арқылы қосыңыз. 2. Теледидарды және, сыртқы қуат көзі болған жағдайда, қатты дискіні қосыңыз. 3. Сандық телеарнаға ауысу. 4. USB қатты дискісін пішімдеуді бастау үшін түймесін басыңыз. 5. Пішімдеу процесін аяқтау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ескерту. Пішімдеу үрдісі біраз уақыт алуы мүмкін.
Телешоуларды жазу Не істеуге болады Теледидар бағдарлама нұсқаулықтарын қабылдай алса, телебағдарламаларды USB қатты дискісіне жазуға болады. Ағымдағы теледидар бағдарламаларын, сонымен қатар келешектегі теледидар бағдарламаларын жаза аласыз. Ескертпе: Жазу мүмкіндігі үшін тек бағдарлама нұсқаулықтары бар елдерде қолдау көрсетіледі. Солтүстік Еуропа елдерінде теледидар бағдарламаларды жазу кезінде субтитрлерге шектеулі қолдау көрсетеді.
Жазуды бастау Бір рет түртіп жазу Ағымдағы көріп отырған бағдарламаны бір түймемен жаза аласыз. 1. Теледидарды көріп отырған кезде түймесін басыңыз. Жазу бірден басталады. Бағдарламаның аяқталатын уақытын көрсететін қалқымалы терезе көрсетіледі. 2. Қосымша: Жазбаның аяқталу уақытын белгілеу үшін Жылжу түймелері түймесін пайдаланыңыз. 3. [Растау] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 4. Жазуды тоқтату үшін түймесін басыңыз.
Жоспарланған жазудан бас тарту 1. түймесін басыңыз. 2. [Жазбалар] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. Жазбалар тізімі көрсетіледі. 3. Жазбаны, одан кейін [Жою] параметрін таңдаңыз. Жоспарланған жазба болдырылмады. Жазбаларды көру 1. түймесін басыңыз. 2. [Жазбалар] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. Жазбалар тізімі көрсетіледі. 3. Тізімнен жазбаны таңдап, OK түймесін басыңыз. Жазбаны ойнату басталады. Жазбаларды сұрыптау 1. түймесін басыңыз. 2.
Бұл теледидарда Skype қызметі алдын ала орнатылған және пайдалануға дайын. Skype қызметін пайдалану үшін ешқандай файлдарды орнатудың не жүктеудің қажеті жоқ. Skype қызметін пайдалану үшін жай ғана Philips TV бейне камерасын қосыңыз. Қажетті әрекеттер Philips TV бейне камерасы, PTA317/00 (бөлек сатылады), кірістірілген микрофонмен. Теледидарды қосу > Қосымша құрылғыларды қосу > Бейне қоңырау камерасы (Бет 64) бөлімін қараңыз. Интернет қосылымы. Сымды немесе сымсыз үй желісі.
Контактілерді басқару Желідегі немесе дербес күйдегі контактілерді қоса және қарай аласыз. Сондай-ақ, таңдалған контактіні құрсаулауға немесе құрсауын алуға болады. Контакт қосу 1. Skype мәзірінде [Контактілер] параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. 2. OPTIONS түймесін басып, [Skype контактісін қосу] немесе [SkypeOut контактісін қосу] тармағын таңдаңыз. 3. Экрандағы пернетақтаны көрсету үшін OK түймесін басыңыз. 4. Мәліметтерді енгізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Профайлдар тізімі көрсетіледі. 5.
Дауыстық қоңырау шалу Бейнесіз Skype қоңырауын шала аласыз. Ескертпе: Бейнекамераның дыбыс қоңыраулары үшін де қосылғанын тексеріңіз. 1. Skype басты мәзірінен [Контактілер] параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. 2. Контактіні таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. [Қоңырау шалу] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. Бейне қоңырау параметрлері Қоңырау кезінде мына параметрлерге кіру үшін OPTIONS түймесін басыңыз: [Дыбыссыз режим]: Микрофон үнін өшіру. [Ұстау]: Қоңырауды тоқтатып қою.
1. Skype мәзірінде [Телефондарға қоңырау шалу] параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. 2. Экрандағы нөмір тергішті ашу үшін [Нөмір тергіш] параметрін таңдаңыз немесе телефон нөмірін Санды түймелер көмегімен енгізіңіз. 3. Аяқтағаннан кейін, [Қоңырау шалу] параметрін таңдап, қоңырауды бастау үшін OK түймесін басыңыз. 4. Қосымша: Қоңырау кезінде микрофон үнін өшіру үшін OPTIONS түймесін басып, [Дыбыссыз режим] параметрін таңдаңыз. 5.
Ойындар ойнату Не істеуге болады Бұл теледидарда ойындар үшін оңтайландырылған сурет параметрлерінің көмегімен толық экранда қалыпты ойындарды ойнай аласыз. Қажетті әрекеттер Ойын консолін осы теледидарға қосыңыз. Теледидарды қосу > Құрылғылар жалғау> Ойын қҡ рылғысы (Бет 58) бөлімін қараңыз. Теледидар ойын консолін «Көз» мәзіріне автоматты түрде қосса, ойындарды ойнауды бастағаныңызда ол ойын дыбысының алдын ала орнатылған параметрін де қолданады (белгілі бір үлгілер үшін). Ойынды бастау 1.
Телемәтінді көру Бетті таңдау Телемәтін функциясы бар арналарды көріп отырғанда, телемәтінді көруге болады. 1. Телемәтін функциясы бар арнаны таңдап, TEXT түймесін басыңыз. 2. Бетті келесі әдістердің бірімен таңдаңыз: Беттің нөмірін Санды түймелер арқылы енгізіңіз. Келесі не алдыңғы бетті көру үшін, CH + / CH - басыңыз. Түрлі түсті кодтағы элементті таңдау үшін Түрлі түсті түймелер басыңыз. Телемәтін опциялары 1. Телемәтінді көргенде, OPTIONS түймесін басыңыз. 2.
Сандық ТД арналарды таратушы арнайы сандық мәтінді не өзара белсенді қызметтерді ұсынатын болса, сандық телемәтінді көруге болады. BBC1 сияқты арналарда бірнеше өзара белсенді мүмкіндіктері бар сандық телемәтін болуы мүмкін. Ескертпе. Субтитрлер таратылып қосылғанда, сандық мәтін қызметтері бұғатталады. Теледидар параметрлерін өзгерту > Тіл параметрлері > Сандық арналардағы субтитлер (Бет 47) бөлімін қараңыз.
Ұйықтау таймері Ата-аналық құлып деңгейі Теледидарды нақты уақыт өткен соң күту режиміне ауыстырып қосуға болады. Көрсетілген уақытты кері есептегенде, теледидарды ертерек өшіруге немесе ұйқы таймерін қайта орнатуға болады. 1. түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] > [Жалпы параметрлер] > [Ұйқы таймері] опцияларын таңдаңыз. 3. Ұйқы таймерінің ұзақтығын таңдаңыз. Ұйқы таймерін 180 минутқа дейін орнатуға болады. Ұйқы таймерін өшіру үшін, оны нөл минутқа орнатыңыз. 4.
Сурет пен дыбыс Параметрлер шебері Сурет пен дыбыс параметрлерін, таңдалған параметрді бірден көрсететін, параметрлер көмекшісі арқылы таңдауға болады. 1. Теледидарды көріп отырған кезде түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Жылдам сурет және дыбыс параметрлері] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. [Жалғастыру] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 4. Қажетті параметрлерді таңдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
[Пішім және жиектер]: Суреттің көрсету пішімін басқару үшін кеңейтілген параметрлерге кіріңіз. - [Сурет пішімі]: Сурет форматын өзгерту. - [Экран жиектері]: Сурет өлшемін өзгерту. - [Сурет жылжуы]: Қол жетімді болса, сурет орналасуын жылжытыңыз. Қосымша дыбыс параметрлері Дыбыс мәзірінде параметрлерді өзгертуге болады. 1. түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] > [Дыбыс] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3.
Сандық арналар Сандық телеарна таратушысы дыбысты бірнеше форматта шығарса, дыбыс форматын таңдауға болады. 1. түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Арна параметрлері] немесе [Спутник параметрлері] > [Тілдер] > [Қалаған аудио формат] параметрлерін таңдаңыз. 3. Параметрді таңдап, OK түймесін басыңыз. [Стандартты]: Стандартты дыбыс форматын (MPEG) қабылдау. [Кеңейтілген]: Қол жетімді болса, кеңейтілген дыбыс форматтарын қабылдау (AAC, Dolby Digital немесе Dolby Digital Plus).
Аналогты арналарды орнату Сандық арналарды орнату Аналогты ТД арналарын бір-бірлеп іздеп, сақтауға болады. 1-қадам: жүйені таңдау Ескертпе: егер жүйе параметрлері дұрыс болса, бұл қадамды өткізіп жіберіңіз. 1. Теледидарды көріп отырған кезде түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Арна параметрлері] > [Арнаны орнату] опцияларын таңдаңыз. 3. [Аналогты: Қолмен орнату] > [Жүйе] таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 4. Еліңіз немесе аймағыңыз үшін жүйені таңдап, OK түймесін басыңыз.
Арналарды көшіру Теледидар алғаш қосылғанда арналардың толық орнатылуы жасалды. Әдепкіде, арналар тізімдеріне өзгерістер енгізілсе, теледидар оларды автоматты түрде жаңартады. Сондай-ақ, автоматты жаңарту функциясын өшіруге немесе арналарды қолмен реттеуге болады. Ескертпе: кодты енгізу сұралса, «8888» деп енгізіңіз. Автоматты жаңарту Сандық арналарды автоматты түрде қосу немесе жою үшін, теледидарды күту режимінде қалдырыңыз. Теледидар күн сайын арналарды жаңартады және жаңа арналарды сақтайды.
2-қадам: арналар тізімін USB құрылғысна көшіру 1. USB сақтау құрылғысын бірінші теледидарға (орнатылған арналары бар) қосыңыз. 2. түймесін басыңыз. 3. [Баптау] > [Арна параметрлері] немесе [Спутник параметрлері] параметрін таңдаңыз. 4. [Арнаны орнату] > [Арна тізімін көшіру] > [USB құрылғысына көшіру] тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз. Арналар тізімі USB жад құрылғысына көшіріледі. 5. USB сақтау құрылғысын ажыратыңыз. 3-қадам: Арналарды ешқандай арна орнатылмаған теледидарға көшіру 1.
Не істеуге болады Бұл теледидар 4 түрлі аз шу шығаратын төмен бағытталған түрлендіргіштерден (LNB) сигналдарды қабылдайды. LNB түрлендіргіші параболалық антеннаның полюстің астыңғы жағында орналасқан әрі жерсеріктен сигналдарды қабылдайды. Ескертпе: Жерсерік қабылдау тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді. [Спутник іздеу] параметрі теледидар DVB-S таратылымын қолдаса, қолжетімді болады. Жерсерік арналарын алу үшін, жерсерік қабылдағышын теледидардағы SAT қосқышына жалғаңыз.
Жерсеріктерді қосу және жою Жерсеріктерді кез келген уақытта қосуға не жоюға және жаңа жерсеріктерден арналар орнатуға болады. Ескертпе. Жерсеріктер қосу алдында, байланыс түрінің дұрыс екенін тексеріңіз. Теледидар параметрлерін өзгерту > Жерсерік параметрлері > Жерсерік арналарын орнату (Бет 45) бөлімін қараңыз. 1. түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Спутник іздеу] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. [Жерсерік қосу] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
1. Аналогты ТД арнасын көріп отырғанда, TEXT түймесін басыңыз. 2. Субтитрлер бетінің үш сандық бет нөмірін, әдетте «888», енгізіңіз. Қол жетімді субтитрлер қосылады. Сандық арналардағы субтитлер 1. Сандық ТД арнасын көріп отырғанда, OPTIONS түймесін басыңыз. 2. [Субтитрлар] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 3. [Субтитр өшірулі], [Субтитр қосулы] немесе [Автоматты] параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. Субтитр тілі Қол жетімді кезде, сандық арналар үшін субтитр тілін өзгерте аласыз. 1.
[Ажыратулы]: есту қабілеті шектеулі адамдарға арналған мүмкіндіктерді өшіру. [Қосулы]: есту қабілеті шектеулі адамдарға арналған дыбыс пен субтитрлерді қосу. Көру қабілеті нашарларға арналаған кіру рұқсаты Көру қабілеті нашарларға арналған дыбыс тілінің қол жетімді екендігін тексеру үшін, OPTIONS түймесін басып, [Аудио тіл] параметрін таңдаңыз. Көру қабілеті нашарларға арналған дыбысты қолдайтын тілдер көз кескінді белгішемен көрсетіледі.
Телевизиялық көрсетілім Осы теледидардағы мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін, көрсетілімді көруіңізге болады. 1. Теледидарды көріп отырған кезде түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Көрс-ді көру] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. Көрсетілімді таңдап, OK түймесін басыңыз. Үй режимі Кейбір теледидар параметрлері Дүкен режимінде қол жетімді болмауы мүмкін. Теледидардың дұрыс параметрлерінің қолданылғанын тексеру үшін, теледидарды Үй режиміне орнатыңыз. 1.
Соңғы бағдарламалық құралды жүктеу 1. USB флэш-дискісін компьютерге қосыңыз. 2. Компьютерде Explorer® немесе Safari® сияқты шолғышты іске қосыңыз және www.philips.com/support торабын қараңыз. 3. Теледидарды тауып, теледидар үшін қол жетімді бағдарламалық құрал мен драйверлерді табыңыз. Бағдарламалық құрал жаңартуы қысылған файл (*.zip) түрінде қол жетімді болады. 4. Бағдарламалық құрал нұсқасы теледидардағы нұсқадан жоғары болса, бағдарламалық құралды жаңарту сілтемесін басыңыз. 5.
Қол жетімді болғанда, бағдарламалық жаңартуларды сандық таратушылар арқылы алуға болады. Бағдарламалық жаңартуды алғанда, бағдарламаны жаңарту сұралады. Біз бағдарламалық құралды нұсқау берілгенде жаңартуыңызды қатты ұсынамыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жаңарту қабылданғанда теледидардың бағдарламалық құралын жаңартпасаңыз, жаңарту файлын сақтау ескертіледі. Бағдарламалық құралды кейінірек жаңарту үшін: 1. түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Бағд. құрал парам-рі] > [Жерг. жаңартулар] опцияларын таңдаңыз.
5 Теледидарды қосу 5 м-ден/16,4 футтан қысқа HDMI кабельдерін жалғаңыз. Кабельдер туралы Кабель сапасы Құрылғыларды теледидарға қосудан бұрын құрылғылардағы бар қосқыштарды тексеріңіз. Құрылғыны жоғары сапалы қосылымы бар теледидарға жалғаңыз. Үздік сапасы бар жалғағыштар сурет пен дыбысты жақсы сапада жеткізеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген қосылым үлгілері тек ұсыныс ретінде берілген. Басқа шешімдер де болуы мүмкін. Қосымша мысалдарды көру үшін http://www.connectivityguide.philips.
VGA CVBS тек бейнелерді тасымалдайды. Дыбыс үшін кабельді, сондай-ақ, Дыбыс Сол/Оң ұясына жалғаңыз. CVBS ұялары стандартты сурет сапасын қамтамасыз етеді. Компьютер мазмұнын теледидардан көрсету үшін, VGA жалғауға болады. VGA тек бейнелерді тасымалдайды. Дыбыс үшін кабельді, сондай-ақ, AUDIO IN ұясына жалғаңыз. Антеннаны қосу Антеннаны теледидарға қосыңыз.
Құрылғылар жалғау Blu-ray немесе DVD диск ойнатқышы Диск ойнатқышын HDMI кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Диск ойнатқышын қосымша бейне кабелі (Y Pb Pr) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Диск ойнатқышын қосымша бейне кабелі (CVBS) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз.
Теледидар Қазақ Жер серікті* немесе антенна кабелі бар сандық теледидар қабылдағышты теледидарға қосыңыз. * Тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді. Жерсерікті не теледидарды HDMI кабелі арқылы қосыңыз. Сандық теледидар қабылдағышын теледидарға құрамдас бейне кабелімен (Y Pb Pr) және дыбыс L/R кабелімен қосыңыз.
Сандық теледидарды ресиверін SCART кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Сандық теледидар қабылдағышын теледидарға күрделі кабельмен (CVBS) және дыбыс L/R кабелімен қосыңыз. Бейнемагнитофон Бейнемагнитофонды антенна кабелі арқылы теледидарға қосыңыз.
Қазақ Бейнемагнитофонды HDMI кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Бейнемагнитофонды қосымша бейне кабелі (Y Pb Pr) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Бейнемагнитофонды SCART кабелі арқылы теледидарға қосыңыз.
Бейнемагнитофонды құрамдас кабель (CVBS) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Ойын құрылғысы Ойын консолін HDMI кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Ойын консолін қосымша бейне кабелі (Y Pb Pr) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз.
Қазақ Ойын консолін құрамдас кабелі (CVBS) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Үй кинотеатры HDMI-ARC технологиясымен үйлесімді үй кинотеатрын HDMI кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Үй кинотеатрын HDMI кабелі және коаксиалды дыбыс кабелі арқылы теледидарға қосыңыз.
Үй кинотеатрын қосымша бейне кабелі (Y Pb Pr) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Үй кинотеатрын SCART кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Үй кинотеартын құрамдас кабелі (CVBS) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз.
Сандық камера Қазақ Сандық камераны USB кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Сандық шағын бейнекамера Сандық шағын бейне камераны HDMI кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Сандық шағын бейне камераны қосымша бейне кабелі (Y Pb Pr) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз.
Сандық шағын бейне камераны қосымша кабель (CVBS) және дыбыс L/R кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Қосымша құрылғыларды қосу USB сақтау құрылғысы USB қатты дискіні USB кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. USB флэш-дискісін теледидарға USB кабелімен қосыңыз.
Компьютер Қазақ Компьютерді HDMI кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Компьютерді DVI-HDMI кабелі және дыбыс кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Компьютерді VGA кабелі және дыбыс кабелі арқылы теледидарға қосыңыз.
Бейне қоңырау камерасы Philips TV бейне камерасын - PTA317 (бөлек сатылады) теледидарға USB кабелімен қосыңыз. Пернетақта және тінтуір USB пернетақтасы Теледидардағы құрылғы атаулары немесе Smart TV бағдарламаларына арналған мәтін сияқты мәтінді енгізу үшін USB пернетақтасын қосуға болады. USB тінтуірі Интернетте беттерді шарлау және сілтемелерді басу үшін USB тінтуірін қосуға болады. Ескертпе: Егер қосымша USB коннекторлары керек болса, USB хабын пайдаланыңыз.
Пернетақтадағы Smart TV пернелері Enter : Жазбаны растау. Backspace : Алдыңғы бетке өту. Навигация пернелері: Өрістер арасында шарлау. Tab: Келесі өріске өту. Tabжәне Shift: Алдыңғы өріске өту. Home: Беттің жоғарғы жағына айналдыру. End: Беттің төменгі жағына айналдыру. Page Up: Алдыңғы бетке өту. Page Down: Келесі бетке өту. +/-: Үлкейту немесе кішірейту. *: Беттің еніне шақтау. Теледидар тінтуірді анықтағаннан кейін, бақылау жылдамдығын орната аласыз. 1. түймесін басыңыз. 2.
Құрылғы параметрлерін қайта орнату Құрылғының түрі мен атауын әдепкі параметрлерге қайта орната аласыз. 1. [Ресурс] мәзірінен құрылғыны таңдап, OPTIONS түймесін басыңыз. 2. [Түпнұсқа атау және белгіше] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. EasyLink құрылғыларын орнату Не істеуге болады Philips EasyLink жетілдірілген басқару мүмкіндіктерін пайдаланып, HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді құрылғыларды тиімді пайдаланыңыз.
Бұл параметрді қолдайтын бірнеше HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді құрылғыны жалғасаңыз, сондай құрылғылардың барлығын ТД қашықтан басқару пульті арқылы басқаруға болады. Ескертпе. Бұл қосымша параметр. Бұл параметрді қолдамайтын құрылғылар қашықтан басқару пульті арқылы басқарылмайды. 1. түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] > [Жалпы параметрлер] > [EasyLink] > [EasyLink қашықтан басқ. құралы] параметрлерін таңдаңыз. 3.
Теледидар үндеткіштерін орнату 1. түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] > [Дыбыс] > [Кеңейтілген] > [ТД күшейткіштері] параметрлерін таңдаңыз. 3. Опцияны таңдап, OK түймесін басыңыз: [Ажыратулы]: Теледидар динамиктерін өшіру. [Қосулы]: Теледидар динамиктерін қосу. [EasyLink]: Теледидар үндеткіштерін өшіріп, теледидар дыбысын қосылған HDMI-CEC дыбыс құрылғыға бағыттау.
Қосу Қазақ Желіге және Интернетке қосу Не істеуге болады Медиа файлдарын көру Теледидарды үй желісіне қосатын болсаңыз, суреттерді, музыканы және бейнелерді компьютерден ойнатуға болады. Теледидарды пайдалану > Мультимедиа файлдарын ойнату (Бет 19) бөлімін қараңыз. Smart TV Теледидарды үй желісіне интернет байланысы арқылы қосатын болсаңыз, Smart TV қызметін шолуға болады. Smart TV теледидарға арнап жасалған интернет қызметтері мен вебтораптарды ұсынады.
Wi-Fi дайын Бұл бөлім тек Wi-Fi байланысы бар теледидарларға арналған. Теледидарды үй желісіне сымсыз қосыңыз. Ескертпе: Сымсыз желі Wi-Fi кедергілерін тудыруы мүмкін сымсыз телефондар, микротолқынды пештер немесе Bluetooth құрылғылары секілді жалпы тұрмыстық құрылғылардай 2,4 ГГц жиілік спектрінде жұмыс істейді. Бұл құрылғыларды теледидардан алыстау жерге жылжытыңыз. Оңтайлы Wi-Fi жұмысы үшін теледидарды сымсыз маршрутизатордан 10 м-ден кем қашықтықта орналастырыңыз.
Желі параметрлері Теледидар желісінің аты Үй желісінд бірнеше ТД қосылған болса, бұл теледидарға басқаша атауға болады. 1. түймесін басыңыз. 2. [Баптау] > [Желі параметрлері] > [ТД желісінің атауы] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. Атауды енгізу үшін экрандағы пернетақтаны немесе қашықтан басқару пультінің пернетақтасын пайдаланыңыз. Miracast қызметін қосу Бұл теледидар — Miracast куәлігі бар теледидар. Wi-Fi құрылғысынан мазмұнды теледидарда тегіс түрде көрсету үшін, Miracast қызметін қосыңыз. 1.
CAM (Шартты кіру модулі) модулін қосу Не істеуге болады Шифрланған сандық ТД арналарын шартты кіру модулі (CAM) арқылы көруге болады. CAM енгізілген соң енгізсеңіз, жазылым ақыларын төлем, бағдарламаларды көре аласыз. Бұл теледидар CI (Жалпы интерфейс) және CI+ модульдерін қолдайды. CI+ модулі жоғары деңгейде көшіру қорғанысы бар үздік HD сандық бағдарламаларды қолдайды. Ескертпе: Бағдарламалар, функциялар, мазмұн және экрандағы хабарлар CAM қызмет провайдеріне байланысты болады. Қажетті әрекеттер Ескерту.
Жалпы мәселелер Теледидар қосылмайды: Электр шнурын ток көзінен ажыратыңыз. Бір минут күтіп, оны қайта жалғаңыз. Электр шнурының дұрыс қосылғандығын тексеріңіз. Теледидар қосылғанда, өшірілгенде, күту режиміне қойылғанда теледидар корпусынан сықырлаған дыбысты естисіз: Ешқандай әрекет қажет етілмейді. Теледидар салқындағанда және жылығанда, сықырлаған дыбыс оның көлемінің қалыпты үлкеюін және кішіреюін білдіреді. Бұл оның жұмысына әсер етпейді.
ТД бағдарламасын жаңарту керек: www.philips.com/support торабына кіріп, ТД үшін соңғы бағдарламалық буманы жүктеп алыңыз. Бағдарламаны орнату нұсқаулары мен жаңартылғандарды көрсететін шығарылымға қатысты жазбалар, сондай-ақ, торапта қол жетімді болады. Теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту жолы бойынша толық нұсқаулар Теледидар параметрлерін өзгерту > Бағдарламалық құралды жаңарту (Бет 49) бөлімінде де бар.
Дыбыс ақаулары Сурет бар, бірақ теледидар құрылғысының дыбысы шықпайды: Егер ешқандай аудио сигнал байқалмаса, теледидардың аудио шығысын автоматты түрде өшіреді — бұл ақау бар екенін білдірмейді. Барлық кабельдердің дұрыс қосылғандығын тексеріңіз. Дыбыстың өшірілмегенін немесе нөлге қойылмағандығын тексеріңіз. Теледидар динамиктерінің параметрінің таңдалғандығын тексеріңіз. OPTIONS түймесін басыңыз, [Сурет және дыбыс] > [Динамиктер] параметрін, одан кейін [ТД] параметрін таңдаңыз.
Байланысқа қатысты ақаулықтар HDMI құрылғыларында ақаулық туындады: HDCP (кең жолақты сандық мазмұнды қорғау) қолдауының HDMI құрылғысынан берілетін мазмұнды көрсетуге теледидар үшін алынған уақытты кідіртетінін ескеріңіз. Егер теледидар HDMI құрылғысын танымаса және ешқандай сурет көрінбесе, ресурсты бір құрылғыдан екіншісіне және керісінше ауыстырып көріңіз. Егер дыбыс әлсін-әлсін үзілсе, HDMI құрылғысының шығыс параметрлерінің дұрыстығын тексеріңіз.
Компьютерге сымсыз байланыс арқылы кіріп отырсаңыз, машрутизатор мен теледидар арасындағы сигнал сапасын жақсарту мақсатында машрутизатор жайлы құжаттарды қараңыз. Сымсыз желі бұзылған немесе табылмады: Сымсыз желіге микротолқынды пештердің, DECT телефондарының немесе басқа жақын орналасқан Wi-Fi құрылғыларының кедергі жасамайтынын тексеріңіз. Егер сымсыз желі жұмыс істемесе, сымды желілік қосылымды пайдаланып көріңіз.
7 Ерекшеліктер Қуат және қабылдау Өнімнің техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі. Электр қуаты Желі қуаты: АТ 220-240 В (50-60 Гц) Күту режимінде қуатты тұтыну: < 0,3 Вт Сыртқы температура: 5-40°С Қуаттың тұтыну деңгейін www.philips.com/suppor сайтындағы өнім сипаттамасынан қараңыз. Өнім кестесінде берілген номиналды қуат – осы өнім қалыпты жағдайда тұрмыста пайдалану кезінде тұтынатын қуат (IEC 62087 Ed.2).
Ескерту: Мультимедиалық файл атаулары 128 таңбадан аспауға тиісті. Қолдау көрсетілетін мультимедиялық байланыстар USB: Тек 500 мА немесе одан аз қуатты тұтынатын USB құрылғыларын қосыңыз. - NTFS, FAT 16 (тек оқуға арналған) - FAT 32 Ethernet LAN RJ-45 Қолдау көрсетілетін сурет файлдары JPEG: *.jpg, *.jpeg, *.mpo GIF (87a, 89a): *.gif PNG: *.png BMP: *.bmp, *.dib JPS: *.jps PNS: *.pns BMS: *.
Қолдау көрсетілетін дыбыс/бейне форматтары Қолдау көрсетілетін дыбыс/бейне форматтары Қолдау көрсетілетін дыбыс/бейне форматтары Қолдау көрсетілетін дыбыс/бейне форматтары KK 80
Қазақ Қолдау көрсетілетін дыбыс форматтары Қолдау көрсетілетін дыбыс форматтары Қолдау көрсетілетін субтитр пішімдері Таңбаны кодтау Windows-1250 (CP-1250): Орталық Еуропа және Шығыс Еуропа Латын (Чех, Венгер, Поляк, Словак, Словен, Хорват, Румын, Серб) Windows-1251 (CP-1251): Кириллица Windows-1252 (CP-1252): Батыс Еуропа Латын Windows-1253 (CP-1253): Грек Windows-1254 (CP-1254): Түрік UTF-8: Юникод үшін көп байтты таңба коды Қолдау көрсетілетін DLNA үйлесімді медиа-сервер бағдарламалық құ
Байланыс мүмкіндігі Артқы SERV.
8 Индекс P C Philips компаниясына хабарласу - 10 CAM (шартты қатынас модулі) - 72 CAM, енгізу - 72 Philips бейне камерасы - 64 S CAM, іске қосу - 72 SCART - 52 CI - 72 Skype - 30 Conditional Access Module (Шартты Кіру Модулі) - 72 Skype, бейне қоңырау - 33 CVBS, күрделі бейне - 53 Skype, дауыстық пошталар - 34 cурет форматы - 17 Skype, контактілер - 32 D Skype, дауыстық қоңырау - 33 Skype, контактіні құрсаулау - 32 Skype, кіру - 31 DivX VOD - 22 Skype, қоңырау қабылдау - 33 DLNA - 19
А Б автоматты субтитр ауысуы - 68 бағдарлама нұсқаулығы - 18 Автоматты түрде өшіру, құрылғылар - 67 бағдарлама нұсқаулығы, Интернет - 18 алдын ала орнатылған параметрлер, сурет және дыбыс - 17 бағдарлама нұсқаулығы, хабар таратушы 18 аналогты арналар, дәлдеу - 42 бағдарламалық құрал, USB жаңартуы - 49 аналогты арналар, орнату - 42 аналогты арналар, субтитрлер - 47 бағдарламалық құрал, интернеттен жаңарту - 51 Анықтама, нұсқа - 82 бағдарламалық құрал, нұсқаны тексеру - 49 анықтама, экрандық - 1
жазу, ТД бағдарламалар - 28 күту режимі - 13 жалға алу, желідегі бейне - 24 күшейткіш, дыбыс шығысын таңдау - 67 жалғанған құрылғы, атауды өзгерту - 65 жалғау, бейнемагнитофон - 56 Қ жалғау, диск ойнатқышы - 54 қайта орнату - 51 жалғау, пернетақта - 64 Қауіпсіздік - 3 жалғау, сандық камера - 61 қашықтан басқару пульті - 11 жалғау, сандық шағын бейнекамера - 61 Қосқыштар - 52 жалғау, сыртқы қатты диск - 62 қосу, USB құрылғысы - 62 жалғау, теледидар - 55 қосу, бейне қоңырау камерасы - 64 жал
Ө Теледидар нұсқаулығы, хабар таратушы 18 Өзара белсенді ТД - 25 теледидар, жалғау - 55 өнімге қолдау көрсету - 10 теледидарды жазу, USB қатты дискісі - 28 П теледидарды жазу, бір рет түрту - 29 параметрлер көмекшісі - 39 теледидарды кідірту - 26 параметрлер, дыбыс - 40 теледидарды кідірту, USB қатты дискісі 26 параметрлер, дыбыс форматы - 41 теледидарды қосу, өшіру - 13 параметрлер, желі - 71 теледидарды құлыптау - 5 параметрлер, ойын - 35 Теледидардың басқару элементтері - 11 параметрлер
All registered and unregistered trademarks are the property of their respective owners. Specifications are subject to change without notice. Philips and the Philips’ shield emblem are registered trademarks of Koninklijke Philips Electronics N.V. and are used under license from Koninklijke Philips Electronics N.V. 2013 © TP Vision Netherlands B.V. All rights reserved. www.philips.