operation manual

KK 73
Қазақ
6 Ақаулықтарды
жою
Жалпы мәселелер
Теледидар қосылмайды:
Электр шнурын ток көзінен
ажыратыңыз. Бір минут күтіп, оны
қайта жалғаңыз.
Электр шнурының дұрыс
қосылғандығын тексеріңіз.
Теледидар қосылғанда, өшірілгенде, күту
режиміне қойылғанда теледидар
корпусынан сықырлаған дыбысты естисіз:
Ешқандай әрекет қажет етілмейді.
Теледидар салқындағанда және
жылығанда, сықырлаған дыбыс оның
көлемінің қалыпты үлкеюін және кішіреюін
білдіреді. Бұл оның жұмысына әсер
етпейді.
Қосылғанда, теледидар қашықтан
басқару пультіне немесе теледидардың
басқару элементтеріне жауап бермейді
Қосылу үшін теледидарға біраз уақыт
қажет болады. Осы кезде теледидар
қашықтан басқару пультіне немесе
теледидардың басқару элементтеріне
жауап бермейді. Бұл қалыпты жағдайды
білдіреді.
Теледидар қашықтан басқару пультіне
жауап бермесе, сандық камера арқылы
қашықтан басқару сенсорын қараңыз --
қашықтан басқару пултьтінде кез келген
түймені бассаңыз және сенсорда қызыл
жыпылықтауды байқасаңыз, қашықтан
басқару пульті жұмыс істеп тұрғаны, бірақ
теледидарды Philips тұтынушыларды
қолдау орталығы тексеруі керек. Бұл
ақаулықты жою іс рәсімі теледидармен
сымсыз түрде жұпталған қашықтан
басқару пульттеріне қолданылмайды.
Теледидар күту режимінде болғанда іске
қосылу экраны көрсетіледі, одан кейін
теледидар күту режиміне оралады.
Бұл қалыпты жағдайды білдіреді.
Теледидар өшірілсе және қуат көзіне
қайта қосылса, келесі рет қосылған кезде
бастапқы экран көрсетіледі.
Күту режимінен теледидарды қосу үшін,
қашықтан басқару пультіндегі түймесін
басыңыз немесе теледидардың алдыңғы
жағындағы кез келген түймені басыңыз.
Теледидар күту режимінің шамы қызыл
болып жыпылықтайды:
Электр шнурын ток көзінен ажыратыңыз.
Электр шнурын қайта қосудың алдында
теледидардың салқындауын күтіңіз. Егер
қайта жыпылықтаса, Philips тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Теледидар дыбысы дұрыс емес тілде тұр:
Дыбыс тілін OPTIONS арқылы
таңдасаңыз, арналарды ауыстырғаныңызда
немесе теледидарды өшіргеніңізде,
теледидар әдепкі тілге қайта орнатылады.
Таңдалған тілді сақтау үшін түймесін
басып, [Баптау] > [Арна параметрлері]
немесе [Спутник параметрлері] > [Тілдер]
> [Негізгі аудио тіл] немесе [Қосымша
аудио тіл] параметрін таңдау арқылы
дыбыс тілін өзгертіңіз.
ТД не Smart TV мәзірі қате тілде
көрсетіледі:
Мәзірді қалаған тілде көрсететіндей
өзгертіңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Теледидар
параметрлерін өзгерту > Тіл параметрлері
> Мәзір тілі (Бет 46) бөлімін қараңыз.
Арнаны бұғаттау мүмкндігінің
(балалардан қорғау) құлпын ашу үшін 4
сандық код енгізуді ұмыттыңыз:
«8888» кодын енгізіңіз.