operation manual

KK 4
Теледидарды ток көзіне қосардың
алдында, электр кернеуінің теледидар
артындағы мәнге сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Егер кернеу басқа
болса, теледидарды ешқашан ток
көзіне қоспаңыз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап
ұстаңыз.
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап,
олардың жарақаттануына жол бермеу үшін
мына сақтандыру шараларын орындаңыз:
Ешқашан теледидарды сырғанап
тұрмайтын жапқыш немесе басқа
материал жабылған жерге қоймаңыз.
Теледидардың ешқандай бөлігінің
шетінен салбырап тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Ешқашан теледидарды ұзын жиһазға,
кітап шкафы сияқты қабырғаға жиһаз
бен теледидарды бекітпей немесе
қолайлы демеусіз орналастырмаңыз.
Теледидарға жету үшін жиһазға
мінуден қауіп-қатерлер болатыны
туралы балаларды хабардар етіңіз.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Бұйымда/қашықтан басқару
құрылғысында жұтуға болатын тиынға
ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық
жағдайда батареяны балалардан
аулақ ұстаңыз!
Қатты қызып кету қаупі бар!
Ешқашан теледидарды тар жерге
орнатпаңыз. Әрқашанда
теледидардың желдетілуіне
айналасынан кемінде 4 дюймдей
немесе 10 сантиметрдей бос орын
қалдырыңыз. Теледидардың
желдеткіш тесіктерін перделердің
немесе басқа заттардың жауып
қалмауын қадағалаңыз.
Тоқ сымының зақымдану немесе өртену
қауіпі!
Ешқашан теледидарды немесе басқа
заттарды электр шнурының үстіне
қоймаңыз.
Найзағай алдында теледидарды қуат
көзінен және антеннадан ажыратып
қойыңыз. Найзағай кезінде
теледидардың кез келген бөлігіне,
қуат сымына немесе антенна кабеліне
тиіспеңіз.
Есту қабілеті зақымдану қауіпі!
Құлаққапты жоғары дауыс деңгейінде
немесе ұзақ уақыт пайдаланудан
сақтаныңыз.
Төмен температуралар
Егер теледидар 5°C немесе 41°F
мәнінен төмен температурада
тасымалданса, теледидарды қуат
көзіне жалғаудан бұрын, оны
қорабынан шығарып алып,
теледидардың температурасы бөлме
температурасымен сәйкес келгенше
күтіңіз.