operation manual

4
Орнату
4.1
Қауіпсіздік туралы нұсқауларды
оқу
Теледидарды бірінші рет пайдаланбай тұрып қауіпсіздік
туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Анықт. > Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі нұсқауларды
оқу үшін
Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін
басып, Safety and Care (Қауіпсіздік және қызмет көрсету)
деп іздеңіз.
4.2
Теледидар орналасуы
Орналастыру бойынша кеңестер
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
• Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ
орналастырыңыз.
• Теледидарды көрудің ең қолайлы қашықтығы экран
диагоналінің 3 еселік өлшеміне тең. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
- Аудио ойнатуға кері әсер ететін жұмсақ бетке Bluetooth
дыбыс станциясын қоймаңыз.
Теледидар тірегі
Теледидар тірегін орнату туралы нұсқауларды
теледидармен бірге берілген Жұмысты бастаудың
қысқаша нұсқаулығынан табуға болады. Осы нұсқаулықты
жоғалтып алсаңыз, оны www.philips.com/TVsupport
сайтынан жүктеп алуға болады.
Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығын теледидардың үлгі нөмірі арқылы іздеңіз.
4.3
Теледидарды қосу
Қуат кабелін жалғау
• Қуат кабелін теледидардың артындағы POWER
коннекторына жалғаңыз.
• Қуат кабелінің коннекторға мықтап кіргізілгенін
тексеріңіз.
• Розеткадағы қуат ашасына кез келген уақытта қол
жеткізуге болатынын тексеріңіз.
• Қуат кабелін суырғанда әрқашан ашаны тартыңыз,
ешқашан кабельді тартпаңыз.
Бұл теледидар күту режимінде электр қуатын өте аз
пайдаланғанымен, теледидарды ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз, қуат үнемдеу үшін электр
сымын ажыратып қойыңыз.
Қосу немесе күту режимі
Теледидарды қоспас бұрын, теледидардың артқы
жағындағы POWER коннекторына желі қуатын
жалғағаныңызды тексеріңіз.
Қосу
Егер индикатор жарығы өшсе, теледидарды қосу үшін
Bluetooth дыбыс станциясының үстіндегі қуат түймесін
басыңыз, сонда қызыл индикатор өшеді.
8