operation manual

Table Of Contents
4
Орнату
4.1
Қауіпсіздік туралы нұсқауларды
оқу
Теледидарды бірінші рет пайдаланбай тұрып қауіпсіздік
туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Нұсқауларды оқу үшін Пайдаланушы нұсқаулығындағы
Қауіпсіздік және күтім тарауын қараңыз.
4.2
Теледидар орналасуы
Орналастыру бойынша кеңестер
- Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
- Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ
орналастырыңыз.
- Теледидарды көрудің ең қолайлы қашықтығы экран
диагоналінің 3 еселік өлшеміне тең. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
Ескертпе.
Теледидарды шаң шығатын жерлерден, мысалы,
пештерден алыс ұстаңыз. Шаң теледидар ішіне түспеуі
үшін, оны шаңнан жиі тазартып тұру ұсынылады.
Теледидар тірегі
Теледидар тірегін орнату туралы нұсқауларды
теледидармен бірге берілген Жұмысты бастаудың
қысқаша нұсқаулығынан табуға болады. Осы нұсқаулықты
жоғалтып алсаңыз, оны www.philips.com сайтынан жүктеп
алуға болады.
Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығын теледидардың үлгі нөмірі арқылы іздеңіз.
Қабырғаға орнату
4304, 4354 сериялы теледидар
Бұл теледидар VESA үйлесімді қабырғаға орнату
кронштейні үшін де дайындалған (жинаққа кірмейді).
Қабырға кронштейнін сатып алған кезде келесі VESA кодын
пайдаланыңыз. . .
- 24PHx43x4 - VESA MIS-F 75x75, M4 (ең кемі 10 мм, ең
көбі 12 мм)
Дайындау
Теледидарды VESA стандартымен үйлесімді кронштейнге
орнату үшін металл бұрандалардың теледидардың
резьбалы тығындарына шамамен 10 мм тереңдікке
енетінін тексеріңіз.
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе
қажет және оны тек білікті мамандар орындауы керек.
Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына
сәйкес қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек.
Сонымен қатар теледидарды орналастырмас бұрын,
сақтық шараларын да оқып шығыңыз.
TP Vision Europe B.V. компаниясы қате орнатылғанына
немесе апатқа не жарақаттануға әкелген қандай да бір
орнатуға жауапты болмайды.
4504, 4503 сериялы теледидар
Бұл теледидар VESA үйлесімді қабырғаға орнату
кронштейні үшін де дайындалған (жинаққа кірмейді).
Қабырға кронштейнін сатып алған кезде келесі VESA кодын
пайдаланыңыз. . .
10