operation manual

Table Of Contents
орнату үшін металл бұрандалардың теледидардың
резьбалы тығындарына шамамен 10 мм тереңдікке
енетінін тексеріңіз.
Ескертпе
24 дюймдік үлгі үшін үлкенірек орнату тақтасы немесе
кронштейн қуат қосқышына кедергі жасамайтынын
тексеріңіз.
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе
қажет және оны тек білікті мамандар орындауы керек.
Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына
сәйкес қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек.
Сонымен қатар теледидарды орналастырмас бұрын,
сақтық шараларын да оқып шығыңыз.
TP Vision Europe B.V. компаниясы қате орнатылғанына
немесе апатқа не жарақаттануға әкелген қандай да бір
орнатуға жауапты болмайды.
4.3
Теледидарды қосу
Қуат кабелін жалғау
- Қуат кабелін теледидардың артқы
жағындағы POWER коннекторына жалғаңыз.
- Қуат кабелінің коннекторға қауіпсіз жалғанғанын
тексеріңіз.
- Қабырға розеткасындағы қуат ашасының барлық уақытта
қолжетімді болуын тексеріңіз.
- Қуат кабелін суырған кезде, әрқашан кабельден емес,
ашадан ұстап тартыңыз.
32" немесе одан үлкен нұсқа үшін
22"/24" үшін
24PFS5535/24PHS5537 үшін
Бұл теледидар күту режимінде электр қуатын өте аз
пайдаланғанымен, теледидарды ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз, қуат үнемдеу үшін электр
сымын ажыратып қойыңыз.
Іске қосу немесе күту режимі
Теледидарды қоспас бұрын, теледидардың артқы
жағындағы POWER коннекторына желі қуатын
жалғағаныңызды тексеріңіз.
Қосу
Теледидардың бүйіріндегі немесе артындағы (қолжетімді
болса) қуат түймесін басыңыз. Немесе қашықтан басқару
құралындағы түймесін басыңыз.
Күту режиміне ауыстыру
Теледидарды күту режиміне ауыстыру үшін қашықтан
басқару құралындағы түймесін басыңыз.
Теледидарды толығымен өшіру үшін қуат ашасын
13